XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАҒА ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ, ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ “ ФАРАБИ ЖАСТАРЫ” КОМАНДАСЫ 1-ШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ.
Ағымдағы жылдың 27-28 сәуір аралығында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде (Yessenov university) педагогика және психология бойынша XV республикалық пәндік олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, педагогика және психология білім беру бағдарламасының студенттері “ Фараби жастары” командасы 1-ші орынды иеленді. Екінші “Тәуелсіз Қазақстан ұрпағы” командасына “Үздік имидж” номинациясы берілді. Екі команданы және жетекшілері С.Ә. Рамазанова, Г.А. Қырғызханды, сондай-ақ педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұжымын, студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!!! Есенов атындағы университетке сәттілік тілейміз!!!
Басылым күні : 02.05.2023