Куратор-эдвайзер мектебі

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ КАЗҰУ-НІҢ КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕР МЕКТЕБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Университеттің куратор-эдвайзерлерінің психологиялық-педагогикалық және әдістемелік құзіреттіліктерін жетілдіру мақсатында куратор-эдвайзер мектебі құрылады.  

Жалпы ережелер

1. Куратор-эдвайзер мектебі (КЭМ) - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дын инновациялык тәрбиелік жуйесінің құрылымдық бөлімесі

2. Куратор-эдвайзер мектебі өзінің іс-әрекетінде қолданыстағы заңнамалық нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасына, тәрбие жұмысының тұжырымдамаларына, университеттің қаулысына, Ішкі еңбек және оқу ереже тәртібіне, деканаттың бұйрықтары мен үкімдеріне негізделеді.  

Куратор-эдвайзер мектебінің негізгі міндеттері мен іс-әрекет бағыттары

Куратор-эдвайзер мектебі жұмысының негізгі міндеттері:

  •  Тәрбие жұмысының психологиялық және педагогикалық мәселелері бойынша куратор-эдвайзерлерді даярлаудың теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыру;
  •  Кураторларды студенттермен жұмыс жасаудағы жаңа тәрбиелік технологиялармен, әдістермен және формалармен танфстыру;
  •  Куратор-эдвайзер жұмысының мониторинг көрсеткіштері мен өлшемдерін өңдеу;
  •  Куратор-эдвайзердің шашыраңқы тәрбиелік тәрбиелік іс-шарадан шынайы гуманитарлы орта және кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас ортасын құруға бағыттау;
  •  Педагогикалық және психологиялық кеңес беру негізінде оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық дамытушылық ортасын құруға бағыттау.

 

Куратор-эдвайзер мектебінің қызметтері:

  •  Куратор-эдвайзерлер жұмысының негізі бағыттары бойынша әдістемелік құралдар, ғылыми-әдістемелік жадынамалар жариалау;
  •  Кураторлардың қатысуымен дөңгелек үстелдер менконференциялар жүргізу;
  •  Дәрістер, семинарлар, тренингтер, белсенді оқыту сабақтарын және т.б. тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру;
  •  Әдістемелік құралдарды презентациялауды жүзеге асыру;
  •  Ашық куратор сағаттарына талдау жасау;
  • Жас куратор-эдвайзерлерге арналған кеңес беру жұмысын ұйымдастыру;
  • Куратор-эдвайзерлер іс әрекетінің мәселелері бойынша зерттеу жүргізу;
  • Ұсыныстар мен жадынамалар өңдеу.

 

 

2020 жылдың 9-10 қаңтарында   Тәрбие жұмысы департаментінің қолдауымен Куратор-эдвайзерлер мектебі әл-Фараби атындағы философия және саясаттану факультетінде қысқы тренингтер өткізілді. Тренигтер төмендегі тақырыптар бойынша өтілді:

Қазақ тіліндегі тренингті пед.ғылымдарының кандидаты, педагогика және білім бері менеджмент кафедрасының доценті Ұ. Б. Төлешова өткізді.

Тақырыбы: Университеттерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы арт- технологиялар.

Арт – методы и сторителлинг в развитии личности студентов. Регуляция эмоций - тренер пед.ғылымдарының док., педагогика және білім бері менеджмент кафедрасының профессоры Мынбаева А.К.

Конфликтологическая грамотность: группы риска  -  пед.ғылымдарының кандидаты, жалпы және психологияның доценті Садвакасова З.М.

Уақыты: 10:00; 12:00; 14:30

Өтілетін орны: философия және саясаттану факультетінің 122-дәрісханасы

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3210156035698573&id=100001126257431

 

ҚЫСҚЫ СЕМИНАР – ТРЕНИНГТІҢ КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ІС-

ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ

Университеттік куратор – эдвайзер мектебі мен Тәрбие жұмысы жөніндегі

департаментінің 2017 оқу жылының 9-11 қаңтар аралығында ұйымдастырылған қысқы

семинар-тренингте «ЖОО-дағы тәрбиелеудің заманауи стратегиялары мен әдістері»

тақырыптарында жүргізілді.