Ғылыми жобалар және зерттеулер

Ғылыми бағыттар:

Кафедра салыстырмалы педагогика, инклюзивті білім беру, білім философиясы, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, педагогикалық психология, әлеуметтік педагогика мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Кафедра келесідей бағыттар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді: 

  1. Педагогикалық психология;
  2. Инклюзивті педагогика;
  3. Білім берудегі менеджмент;
  4. Білім беру беру философиясы мен әдіснамасы;
  5. Білім беру мен тәрбиедегі өзекті мәселелер;
  6. Салыстырмалы педагогика;
  7. Әлеуметтік педагогика;
  8. Гуманды педагогика және өзін-өзі тану.

 

Ғылыми жобалар:

Қазіргі таңда кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы келесідей жобаларға қатысуда:

  1. ХХ ғ. 20-30-жылдардағы дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім мен ағарту жүйесі; 
  2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын мультипликация құралдары негізінде дамыту үдерісін ғылыми-практикалық негіздеу;
  3. ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының ағартушылық қызметі;
  4. Жасанды интеллект тұғырына негізделген виртуалды оқытудың технологиялық алаңын құрастыру.
  5. Тұлғаның рухани-адамгершілік сапаларын дамыту мен өзін-өзі дамытуының синергетикалық негіздері және эвтагогика және т.б.