«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (2022 жылдың 6-8 сәуір аралығы)

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 2022 жылдың сәуір айының 6-8 күндері аралығында оффлайн форматта өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ 35 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар және жас ғалымдар қатыса алады.

 

Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерде 2022 жылдың 6-8 сәуірінде ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалатын болады.

 

Конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

 

«Фараби әлемі» жас ғалымдар конференциясы.pdf

Басылым күні :  21.02.2022