Республикалық студенттік пәндік олимпиада

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті

Республикалық студенттік пәндік олимпиада 2019 жылдың 28 наурызынан 29 наурызына дейін  

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультеті 2019 жылдың 28 наурызынан 29 наурызына дейін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының 1 – 4 курс студенттері арасында пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізеді. 

Олимпиаданың мақсаты: шығармашылықтың ашылуы, ең талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету; біздің заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту.  Олимпиаданың өткізілетін орны: Алматы қ., Масанчи 39/47, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультеті.  Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі келесі мамандықтар бойынша өтеді: 

5В020400 Мәдениеттану

5В050100 Әлеуметтану

5В050200 Саясаттану

5В050300 Психология

5B010300 Педагогика және психология

5В020600 Дінтану  

ҚАТЫСУ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысу үшін жоғары оқу орындарының студенттері университеттік олимпиаданың жеңімпаздары болып табылады. Қатысушыларды қабылдау - 2019 жылдың 27 наурызы. Олимпидаға қатысу үшін 2019 жылдың 15 наурызына дейін Олимпиаданы ұйымдастырушылар комитетіне электронды құралмен келесі құжаттарды жіберу қажет: 1. Қатысуға өтініш; 2. Ректор (проректор) қолы қойылған хат; 3. Олимпиданың І кезеңі қорытындысы туралы комиссия хаттамасы.  Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне (келу, кету, тамақтану, тұру) қатысудың барлық шығындары жіберуші тарап есебінен жүзеге асырылады. Қонақүй бөлмесін резервтеу қажет болса, жауапты адамға хабарлаңыз.  

Респуб студенттік пәндік олимпиада.pdf