Студенттік өмір

 

 

 

 

 

26.04.2018

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және сасаттану факультеті 2018 жылдың 26-ші сәуірде 1 курс мәдениеттану мамандығының студенттерімен бірге ой талқылау өтті. Философия ғылымдарының кандидаты, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Бияздықова Кенжегүл Әлімбекқызының «Әлемдік шылымға қарсы күн» атты тақрыпта дәріс-презентациясы өтті. Сабақ барысында жалпы қазіргі қоғамдары негізгі проблеманың бірі шылым шегудің зияны туралы пікірлер, фактілер талқыланды.

Ұйымдастырушылар:.«Мәдениет.kz» клубы, 1 курс мәдениеттану мамандығы студенттері және куратор-эдвайзерлік филос.ғ.к., дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Бияздыкова К. А.

 

 

 

 

 

25.04.2018

 

2018 жылдың сәуір айының 25-ші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және сасаттану факультеті мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тақырыпта ашық куратор-эдвайзерлік сағат өткізді. Ашық куратор-эдвайзерлік сағаттың барысында студенттер Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қызу талқылады. Ұйымдастырушы: мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттері және Филос.ғ.к., дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Бияздыкова К. А.

 

 

 

 

 

23.04.2018

2018 жылдың   cәуір айының 23-ші жұлдызында 1 курс Мәдениеттану мамандығының студенттерімен «100 кітап» жобасы аясында Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы» атты кітабына мадениеттанулық тұрғыдан талдау жасалынды. Кітапты талдау кітапты талдау барысында автор шығармасына мәдениеттанушылық көзқараста студенттер пікір алысты.

Уақыты: 23 сәуір, сағат 19.30

Өтетін орны: №9 студенттер үйі. Акт залы

Ұйымдастырушы: «Мәдениет.kz» клубы және филос.ғ.к., дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Бияздыкова К.А.

 

 

 

 

 

11.04.2018

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының мәдениеттану мамандығының 1-курс студенттері 2018 жылдың 11 сәуірде «Терроризм әлем қаупі» ұлттық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік саяси приоритеті атты ашық кураторлық сағатын ұйымдастырды. Ашық сабақ барысында студенттер «Терроризм әлем қаупі» тақырыбында сөз талқылап, ақпарат алмасты.

Ұйымдастырушылар: мәдениеттану мамандығының 1-курс студенттері

Жауапты: филос.ғ.к., аға оқытушы Бияздыкова К.А.

 

 

 

 

 

22.02.2018

 

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының жас ғалымдары және оқытушылық-профессорлық құрамының қатысуымен жас ғалымдарға арналған дискуссиялық клубтың алғашқы кездесуі өтті. Кездесу көпшіліктің қызығушылығын тудырғанына қарағанда мұндай жиналыстар жиі өткізілуі тиіс. Qairat Moldashev  " Халықаралық қатынастар саясаттануындағы дискурс анализ" атты баяндамасымен бөліссе, кафедрамыздың докторанты  Shugyla Kilybayeva"Жастардың саяси қатысуы" атты зерттеуін талқыға салды.  Дискуссия зерттеудің әдістері ауқымында болды.

 

 

 

 

 

20.02.2018

 

 

 

Философия кафедрасының "Философиялық кездесулер клубының" кезекті қонағы белгілі философ А.Б.Капышев болды. Ол ғаламдағы тірі мен ақылдының, материалдық пен руханилықтың арақатынасы туралы қызықты әңгімелеп берді. Кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары өздерінің сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.

 

 

 

 

 

16.02.2018

 

 

 

 

Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасы университет студенттерінің рухани-адамгершіліктік тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Осы мақсатта жүйелі түрде жүзеге асырылып отырған жұмыстың аясында кафедра Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақтың әйгілі азаматы, белгілі қоғам қайраткері Ермахан Ибраимовпен тағылымды, жастарға берері мол кездесу өткізді.

 

 

 

 

 

 

09.02.2018

Педагогикалық практика аясында, Дінтану 4 курс студенттері Болатханова А., Анет М., Абдиев М., Серикболова А., Зияханов., №19 жалпы білім беретін мектепте Медеу Пусурмановтың мерейтойына қарсы ұйымдастырылған сурет сайыс барысында "Қарттар жылына" арналған "Менің жастық шағымның кітабы" атты кітаптар көрмесін ұйымдастырылды. Оқылуға тиісті 100 кітаптарды ұсындық. Келген қонақтардың ішінен тек қана қарттардың ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналардың назарынан тыс қалған жоқ.

 

 

 

 

25.11.2017

 

 

Айналаңды нұрландыр жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы №159 көп салалы мектеп гимназиясында «Алтын күз Аяулы күз» атты іс шара өткізіледі.Ұйымдастырушылар: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Махамбетова Ж.Т,Әлеуметтік педагогика өзін өзі тану мамандығының 2 курс студенттері мен мектеп ұжымы.

 

 

 

 

 

15.11.2017

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің Философия кафедрасы Дүниежүзілік Философия күнін ерекше атап өтуді дәстүрге айналдырған. Осы жолы қазақтың ғұлама философы О.А.Сегізбаевтың "История казахской философии" еңбегінің қазақша нұсқасының тұсаукесеріне арналған мазмұнды да қызықты, жастарға тағылымы мол Дөңгелек үстел өтті.

 

 

 

 

 

 

12.10.2017

   

 

 

Философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, профессор Абдирайымова Г.С. аға оқытушы Султанова А.М., 2 курс әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттері және «Жас Отан» жастар комитетінің ұйымдастыруымен факультет мамандықтарының студенттері арасында «Күзгі бал» мерекелік кеш сайысы өткізілді.