Жаңалықтар

Қымбатты зерттеушілер, жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар!

19.03.2021

Google meet платформасындағы бұл арнайы вебинар сіз үшін ұйымдастырылған!

25.03.2021 сағат 13.30-да Алматы уақыты  бойынша, шақырылған шетелдік профессор д-р Дарюш Джамшидидің "Академиялық жазу дағдылары" онлайн-вебинары өтеді. Егер сіз өз зерттеулеріңізді Scopus және Web of Science деректер базасында индекстелген журналдарда жариялағыңыз келсе, H-индексіңізді жақсартып, арттырғыңыз келсе, онда бұл семинар сізге арналған

Ары қарай оқу >>

"Исламдық қаржы қолдануының шетелдік тәжірибесі" тақырыбында халықаралық онлайн дөңгелек үстел

08.11.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасы сіздерге өз құрметін білдіре отырып, жұмыста бар табыстар тілейді және келесіні хабарлайды.

Кафедра 2020 жылдың 1қарашасында "Исламдық қаржы қолдануының шетелдік тәжірибесітақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізеді.

Қазақстанда Президенттің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен 15 қарашада атап өтілетін "Ұлттық валюта — Теңге күні", ал 2011 жылғы 20 қарашадағы Жарлығымен мерекенің жаңа атауы — "Ұлттық валюта — Теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі" белгіленді. Қазіргі уақытта ұлттық валютаның маңыздылығы валютаның қоғам өмірімен байланысы, ұлттық валютаның тарихы. Аталған іс-шараны ұйымдастыру еліміздің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ халықаралық деңгейде академиялық құрылымдар мен Ислам қаржы қоғамдастығы арасында тиімді пікір және озық идеялар алмасу мақсатына ие.

Дөңгелек үстелге қатысуға жергілікті және шетелдік академиялық топтардың ғалымдары, Исламдық қаржы саласындағы мамандар шақырылды.

Соңғы жылдары әлемде Исламдық қаржыландырудың қарқынды дамуы байқалады, Исламдық қаржы өнімдеріне сұраныс артып келеді. Талқылауға спикерлер Исламдық қаржыландыру жүйесін дамытудың негізгі кезеңдерін ұсынады.

Дөңгелек үстелдің басталуы: 2020 жылғы 19 қараша сағат 15.30. Қатысу форматы: онлайн, презентация арқылы Google Meet платформасында. Спикерлердің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Баяндалғанды ескере отырып, аталған мәселе бойынша ғылыми-тәжірибелік пікір алмасу мақсатында профессорлық-оқытушылық құрам, магистранттар мен докторанттардан осы іс-шараға спикер ретінде қатысуды сұраймыз.

Сұрақтарыңызды конференцияның ұйымдастыру комитетінің өкіліне төменде көрсетілген байланыстар бойынша жолдауыңызды сұраймыз:

Куанова Лаура Айболовна: 8 (701) 400-03-52, kuanova.laura@kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің Исламдық қаржы орталығы "Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020" номинациясында жеңіске жетті

14.09.2020

2020 жылдың 14 қыркүйегінде исламдық банк пен қаржы индустриясының дамуына және кеңеюіне қосқан үлесі мен жетістіктері үшін үздік мекемелер мен жеке тұлғаларға Global Islamic Finance Awards 2020 номинацияларын 10-шы марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі Пәкістан Ислам Республикасының Исламабад қаласында өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Исламдық қаржы ғылыми-білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ислам қаржысы саласындағы озық тәжірибені дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020 сыйлығы номинациясының жеңімпазы ретінде марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Исламдық қаржы Орталығының директоры, Лаура Қуанованың Исламдық қаржының дамуы жөніндегі пікірі

02.09.2020

Исламдық қаржы Орталығының директоры, Лаура Қуанованың Исламдық қаржының дамуы жөніндегі пікірі Islamic Исламдық Банктер Ассоциациясының (IBA) ресми басылымы, Finance Review (ISFIRE) August 2020 Perspectives журналында жарық көрді.

Ары қарай оқу >>