Жаңалықтар

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың Исламдық қаржы ғылыми-білім беру орталығы "Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020" сыйлығына ұсынылды

11.07.2020

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің исламдық қаржыландырудың ғылыми-білім беру орталығы 2020 жылдың қыркүйек айында өтетін 10-шы Жаһандық исламдық қаржыландыру марапаттары (GIFA) 2020 аясында Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020 марапатына ұсынылды. Сіздерді осы марапатпен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің исламдық қаржыландыру саласын жетілдіруде озық тәжірибелерді дамытуда қосқан үлесі үшін алғыс белгісі ретінде құттықтаймыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің исламдық қаржыландырудың ғылыми-білім беру орталығынан басқа бұл марапатқа тағы үш жоғары оқу орны ұсынылды.

Ары қарай оқу >>

Исламдық қаржы орталығы «Ал-Сакр Финанс» АҚ-мен бірлесе отырып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттеріне арналған бағдарлама ұсынады

10.03.2020

Бизнес-білім беруді енгізу бойынша бастамаларды ілгерілету мақсатында және исламдық қаржыландыру бойынша білім алу қажеттілігін ескере отырып, Исламдық қаржы орталығы «Ал-Сакр Финанс» АҚ-мен бірлесе отырып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттеріне арналған бағдарлама ұсынады. Олар «Ал-Сакр Финанс» АҚ субсидиялайтын «Исламдық қаржыландыру негіздері» курсын оқиды. Басқарма төрағасы Думан Нұрбаев мырза студенттердің білім алуына қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Ары қарай оқу >>