Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) директорының орынбасары Асқар Нұрша және ҚСЗИ Алматы қаласындағы өкілдігінің халықаралық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі Дәурен Әбен мырзамен кездесу

14.12.2023

Көрулер: 234

2023 жылдың 14 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) директорының орынбасары Асқар Нұрша және ҚСЗИ Алматы қаласындағы өкілдігінің халықаралық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі Дәурен Әбен мырзамен кездесу өтті.

Кездесу барысында халықаралық қатынастар факультеті мен ҚСЗИ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ынтымақтастық бірлескен ғылыми-сараптамалық қызмет, ғылыми-зерттеу тәжірибесі және жас ғалымдардың тағылымдамадан өтуі сияқты салаларда дамитын болады.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері, оның ішінде АҚШ, ЕО, Түркия және Оңтүстік Кавказ, Оңтүстік-Шығыс Азия, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен байланысты мәселелер бойынша сараптамалық платформаны ілгерілету бастамасы көтерілді. Сараптама алаңы халықаралық қатынастар факультетінің Аймақтану орталығының қызметі аясында іске қосылады.