Франция кинематографистерімен бірге Солтүстік Тянь-Шаньда өткізілген экспедициялар

16.05.2021

Көрулер: 1920

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Зоология институты (ЗИ) және Алматы қорығы (АҚ) зерттеушілері қысқы мерзімде Іле және Күнгей Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань) сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректілерді зерттеу мақсатында далалық экскурсиялар өткізді. Оған қатысқан зерттеушілер: Назерке Бижанова, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы және докторанты, әрі Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері; Алексей Грачев, Зоология институты Териология зертханасының меңгерушісі; Салторе Сапарбаев, Зоология институты және Алматы қорығының зерттеушісі, Сергей Беспалов және Максим Беспалов, Зоология институтының аға лаборанттары.

Олармен бірге экспедицияда кинорежиссер Артур Гал мен Стив Воушия қатысты, Қазақстанның жабайы табиғаты тақырыбы бойынша деректі фильмге зерттеушілерімізді және жабайы жануарларды түсірді. Зерттеушілеріміз фильмге берген сұхбаттарында Солтүстік Тянь-Шань тауларын мекендейтін сирек кездесетін жыртқыштар – қар барысы мен Түркістан сілеусіні туралы, сондай-ақ дәстүрлі далалық әдіс-тәсілдер мен фотоқақпандарды қолдану арқылы зерттеу тәсілдері туралы талқылады.

 

Артур Галдың суреті. Суретте (солдан оңға қарай): Алексей Грачев, Назерке Бижанова, Салтөре Сапарбаев

Алексей Грачевтің суреті. Суретте: Назерке Бижанова фотоқақпандарды орнатуда, артында Артур Гал мен Стив Воушия, әрі Көлсай колдері ұлттық паркінің қызметкерлері, Күнгей Алатауы

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz