Іс-шаралар

Мамыр айының он үшінші жұлдызы күні ресми түрде "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының студент-жастарды қолдауға арналған игі жобаларының кезектісі "Сұңқар стипендиясы" жобасының иегерлеріне ректорат мәжілісінде арнайы сертификат табысталды. Республика бойынша ең үздік кәсіподағымыздың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған "Сұңқар" стипендиясына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқуда үздік, қоғамдық жұмыстарға белсенді 20 студенті ие болды. Стипендия иегерлерінің қатарында "Биоалуантүрлілік және биоресурстар" кафедрасының 3 курс студенті Идаят Нұрсәуле Иманмәдиқызы бар. Нұрсәулені өмір ағымындағы кезекті белесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Грайфсвальд университеті (Германия) Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасымен бірлесе отырып, халықаралық ғылыми жоба  Livestock farming in the Ili-Delta under varied water flow - effects on food security and adaptation strategies» аясында  «Іле дельтасында өзгермелі су жолындағы жануарларды өсіру» тақырыбында семинар өткізілді. Өткізу уақыты мен жері - 2019 жылдың 19-20 ақпан айларына, биология және биотехнология факультетінің ғимаратында 214 кабинетте. Жоба жеткешілері: Проф. Волкер Бекман (Германия, Грайфсвальд Университеті) и проф. д.б.н. Нұртазин Сабыр Темиргалиевич (ҚазНУ, Казахстан)

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

 

Министрліктер үйінде өткен студенттер мен ЖОО оқытушылық құрамына арналған "Қазақстан білім беруді жаңғырту жолында" атауындағы республикалық конференция және Назарбаев университетіндегі "Болашаққа қадам" атауындағы ғылыми конференцияға Биология және биотеxнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, Ғылыми биология мамандығының 3 курс студенті Идаят Нұрсәуле қатысып қайтты. Конференцияда студент жастардың практикалық сауаттылығын арттыруға арналған Қазақстан университеттеріндегі зерттеу ісі лабораторияларының мүмкіншіліктері мен кемшіліктері турасында толыққанды мағлұмат берілді. "Болашаққа қадам" ғылыми конференция барысында дәріс-баяндама сабақтары мен тәжірибе жұмыстары Қазақстандағы білім беруді жаңғырту практиканың басымдылығымен жүзеге асатынын мойындатты. Сонымен қатар,  Идаят Нұрсәуле «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстан білім беруді жаңғырту жолында» атты республикалық конференцияда «Жылдың үздік студенті» атанды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

 

2 сәуір 2019 жылы сағат 11.00-де, 12 аудиторияда Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні»  атты танымдық мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шарада студенттер қазақтың ұлттық ойындары, ырымдары, салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері туралы ойларын ортаға салды. Іс-шара соңы әуелеген әнмен және мың бұралған бимен, ұлттық тағамдармен әсемделген дастарханмен аяқталды.  Ұйымдастырушылар: биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор-эдвайзерлері: Чилдибаева А.Ж., Назарбекова С.Т., Нурмаханова А.С. және «5В060700-Биология» мамандығының 2 курс студенттері

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

 

21 ақпан 2019 жылы сағат 11.00-де 10 аудиторияда "6D061300- Геоботаника" мамандығының 1 курс докторанты Чилдибаева Асел Жумагуловна «5В060700-Биология» мамандығының 1 курс студенттеріне «Өсімдіктер және жануарлар биоалуантүрлілігі» пәні бойынша «Қосжарнақтылар немесе магнолиопсидтер класы, магнолиялар, тұңғиықтар, бөріқарақаттар, сарғалдақтар тұқымдастарымен танысу» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді. Ашық сабаққа биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор м.а. Курманбаева М.С., PhD доктор Нурмаханова А.С., оқытушы Алдасугурова Ч.Ж., оқытушы Ережепова Н.Ш. қатысты. Зертханалық сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Кафедра меңгерушісі А.Ж.Чилдибаеваның материалды жүйелі түрде өте жақсы түсіндіргенін, студенттермен қарым-қатынастың өте жақсы ұйымдастырылғанын, өткен сабақ пен жаңа сабақтың ұштастырылуын өте жоғары бағалады.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Қазақстан жоғары оқу орындары студенттерінің XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының II кезеңінде ғылыми биология (5В060700) мамандығы бойынша "BioRoyals” командасы I орынды иемденді

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

 


13.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мейрамын атап өтті! Дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар өкілдерімен бірге алма бағы отырғызылды. Ауқымды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдық және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі ережелеріне арналды.

Студенттер сарайының алдында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының желісінде музыкалық-театрландырылған қойылым болды. Университеттің шығармашылық ұжымы қазақ даласындағы ұлы жетістіктерді көрсетті, атап айтар болсақ атта жүру  мәдениеті, ежелгі металлургия және аң стилі, Алтын адам және Ұлы Жібек жолы, Қазақстан түркі әлемінің бесігі – ұлы ойшылдар мен ғалымдарды және  алма ағаштары мен қызғалдақтар отаны атты қойылымдар шеруі көрсетілді. Жиналған көпшілік қауымға «Тұсау кесер», «Шашу», «Қыз ұзату», және т.б. қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері  көрсетілді. Осынау бір керемет қойылым керуен шеруімен және Қыдыр-атаның бата сөздерімен аяқталды!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz


13.04.2019

«Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны», - деп Тұңғыш Президент Н. Назарбаев атағандай, символикалық негізде мереке алма бағын отырғызудан басталды.  Оған Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, ардагерлер мен әр жылдардағы түлектер, масс-медиа өкілдері, оқытушылар, студенттер және олардың ата-аналары қатысты. Олар түрлі сұрыптан 300-ден астам алма ағаштарын, сондай-ақ кампус аллеясында бағалы және сәндік ағаштарын отырғызды.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz


13.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мейрамын атап өтті! Мереке барысында Билогия және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының басқаруымен өсірілген жылыжай өнімдерінен (құлпынай, қызанақ, қияр) наурыз мерекесіне келген қонақтар ауыз тиді.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz


2019 жыл сəуір айының 9-10 күндері əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология жəне битехнология факультетінде, студенттер мен жас ғалымдарға арналған "Фараби Əлемі" халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті.

Биология және биоалуантүрлілікті сақтаудың қазіргі заманауи мәселелері секциясы бойынша 118 тезис қабылданып, оның   ішінен 23 студенттің баяндамасы тыңдалды. Оның 5 тезисі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінен, 1 тезис Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінен, 1 тезис Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінен, 1 тезис ЖШС «Жалын» ғылыми-өндірістік-техникалық орталығынан», 5 тезис «Гидробиология және экология институты» мекемесінен, 2 тезис «Биология және өсімдіктер биотехнологиясы» Институтынан, 3 тезис ЖШС Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтынан, 3 тезис М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінен, 4 тезис Алматы технологиялық университетінен, 1 тезис Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясынан, 1 тезис «Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің» Медициналық колледжінен, 2 тезис Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінен, 2 тезис С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университетінен, 4 тезис С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінен, 6 тезис С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінен, 78 тезис аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен қабылданды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz


07.03.2019

ҚазҰУ-да Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында университет ректоры Ғ.М. Мұтановтың бастамасымен дәстүрге айналған 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі ерекше салтанатпен өтті.

Гүл жайнаған көктем мен гүлдей құлпырған арулар қашан да бір ұғым іспеттес. Көктем көңілге нұр, жүрекке жыр, кеудеге әсем әуен сыйлайтын мезгіл. Көктемнің алғашқы мерекесі, әйел жаратылысының мейрамы. Сондықтан мерекелік кештің алғашқы шымылдығы "Көктем лебі" әнімен ашылды. Одан кейін, университет ер азаматтары ән салып, би билеп, композициялық қойылымдар қойды. Проректорлар, декан және орынбасарлары, бөлім басшылары барлық қыз-келіншектерді өздерінің басшылықтан бөлек өнерлі қырларын көрсетіп, тәнті етті.  

ҚазҰУ-дың ер азаматтары биылғы жылы да мерекені өте жоғары дайындықпен атап өтті. Сахна мерекеге сай дизайнмен, бұрын-соңды болмаған техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, керемет көрініске куә етті.

 

23.12.2018

ҚазҰУ-да «Алатау» қысқы бағында ҚазҰУ-дің ардагерлерімен керемет кездесу өтті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz


19.12.2018 

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚазҰУ-да «Алатау» қысқы бағы ашылды.

 Мұнда 50-ден астам тропикалық және субтропикалық өсімдіктер жинақталған, сондай-ақ фонтандар мен шағын архитектуралық нысандар, студенттерге демалуға және жұмыс істеуге арналған орындар бар. Қысқы бақта болашақ биологтар, геоботаниктер, экологтар мен басқа да мамандық иелері үшін сабақтар мен ғылыми тағылымдамалар, ал мектеп оқушылары мен табиғат әуесқойлары үшін экскурсиялар өткізілетін болады.

Бақ жинақтамасы сирек кездесетін және құнды өсімдіктермен, гүлдермен және сәндік композициялармен толықтырылып отырады. Бұл тамаша табиғи орта жасампаз жастар мен кампустың тұрғындары үшін ерекше тартымды орынға айналуда. Мұнда олар уақытты тиімді пайдаланып, демалып, арнайы эко-тренингтерге қатысып, өсімдіктерді күтіп-баптап және табиғат туралы көбірек білуге мүмкіндік алады.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz


Грайфсвальд пен Қазақстан арасындағы жемісті ынтымақтастық жылдары

Мақала мазмұнында Грайфсвальд университетінің ботаника және ландшафтық экология институтының және биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының Биология және биотехнология факультетінің Әл-Фараби фтындағы ҚазҰУ ғалымдары арасындағы (7 жылдан астам) ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы жазылған.

Қазақстан тарабынан биология ғылымдарының докторы, профессор Сабыр Темірғалиұлы Нұртазиннің, сондай-ақ оның шәкірттерінің, жас және амбициялы ғалымдардың университеттер арасындағы жемісті ынтымақтастыққа қосқан зор үлесі туралы айтылған.

Ол сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жобалары, көптеген бітіруші студенттердің дипломдық жұмыстары мен магистранттардың диссертациялары, жыл сайынғы жобалар мен академиялық ұтқырлық шеңберіндегі студенттердің алмасуы боыйнша бірлесіп атқарылған жұмыстары туралы сипатталған.

Мақалаға сілтеме: https://rsf.uni-greifswald.de/lehrstuehle/wiwi/avwl/lehrstuhl-beckmann/

 

 

 

Фотоесеп

Сипаттамасы

 

«Тілдің мәртебесі – елдің мерейі» 

 21 қыркүйек 2018 жылы, сағат 15.00-де 16 аудиторияда «Тілдің мәртебесі – елдің мерейі» атты ашық кураторлық сағат өтті.

Ұйымдастырушы: биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор-эдвайзері: Чилдибаева А.Ж., Назарбекова С.Т. және «Биология» мамандығының 2 курс студенттері

 

 

Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрында «Айтылмаған махаббат» қойылымын тамашалау

 

19 қазан 2018 жылы сағат 18.30-да РМҚК Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына ББ17-08К тобының 2 курс студенттері биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор-эдвайзері А.Ж.Чилдибаевамен «Айтылмаған махаббат» қойылымын тамашалауға бардық. Қойылым бізге ұнады, жақсы көңіл-күймен рухани байып, демалып қайттық!

 

 

БОТАНИКАЛЫҚ БАҚқа саяхат

 

2018 жылы қазан айының 4-ші жұлдызында менің кураторлық ББ17-08К тобының студенттері «Ботаникалық баққа» экскурсия жасадық. Олар «Жапон бағы», «Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер оранжереясы», «Солтүстік және оңтүстік Американың дендрологиясы» атты ботаникалық бақтың негізгі экспозицияларымен танысты. Студенттер жалпы ботаника курсы бойынша өз білімдерін көрсетіп, үлкен қызығушылық танытты. Бұл менің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы ретінде студенттерді жақсы дайындайтынымыз туралы пікірімді нығайтты. Жазғы оқу-далалық практикаға бара алмайтын студенттер үшін (медициналық себептері бойынша) Алматы ботаникалық бағы - өсімдіктер әлемінің биоалуантүрлілігі туралы өз білімдерін кеңейтуге үлкен мүмкіндік туғызды.

 

 

«Қазақ балаларын шетелдіктердің асырап алуы дұрыс па?» 

атты пікірталас

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде тәрбие жұмыстарына үлкен көңіл бөлінеді. Оқытушылар №7 жатақханада кезекшілік уақытында пәндер бойынша кеңес беріп, әлеуметтік маңызы бар тақырыптар бойынша түрлі іс-шаралар өткізеді. 2018 жылдың 25 қазанында «5B060700-Биология» мамандығының 2 курс студенттері (ББ17-08K және ББ17-03K) «Қазақ балаларын шетелдіктердің асырап алуы дұрыс па?» атты пікірталас ұйымдастырды. Студенттер өздерінің көзқарастары мен пікірлерін талқылап, бұл мәселеге шынайы алаңдаушылықтарын білдірді. Студенттеріміздің өз елінің нағыз азаматтары екендігі туралы білу өте ұнамды әсер қалдырды! Қазақстанның болашағына сеніміміз мол!

 

 

 

БІЗ Таза қала үшін! 

 

Алматы - біздің еліміздің оңтүстік астанасы! Алматы - еліміздің мәдени өмірі, ғылыми әлемі және жетекші университеттері шоғырланған мегаполис. Біздің университетіміздің профессорлары, оқытушылары және біздің университеттің барлық студенттері біздің тәніміз бен жанымыздың тазалығын қолдайды!

Бұл - біздің күні бойы оқып білім алатын, тынбай еңбек ететін үйіміз. Сондықтан біздің студенттеріміз университет пен қаланың қоғамдық тазалығына белсенді түрде қатысады. Қызметкерлермен, оқытушылармен қатар студенттер ҚазҰУ қалашығының аумағын және соған жақын аумақтарды тазартуға атсалысады. Университет аумағының тазалығы тұрғындардың денсаулығының кепілі болып табылады.