АШЫҚ ТӘРБИЕ ОНЛАЙН-САБАҒЫ: «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

28.01.2021

Көрулер: 2424

2020 жылдың 3 желтоқсан күні «Биоалуантүрлілік және Биоресурстар» кафедрасында, куратор-эдвайзер Зорбекова А.Н. және « 6В05102-Биология »1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты тақырыбына ашық ОНЛАЙН тәрбие сағаты өткізілді.Сабақ барысында Ғаламтордың адам денсаулығына, әсіресе баланың денсаулығына әсері туралы маңызды тақырыптарды көтерді.Студенттер екі топқа бөлініп, 1-топ интернет пен компьютерлік технологияның пайдалы екенін дәлелдеcе, ал 2-топ интернет пен ақпараттық технологиялардың пайдалы ғана емес, зиянды екенін дәлелдеді.Студенттер «желіде қандай қарым-қатынас орнату керегін, компьютерлердің көмегімен қандай операциялар жасай алатынымызды» және т.б. студенттер желілік этикет мәселесі бойынша өз пікірлерін білдірді, атап айтып өтсек ғаламтор әлеміндегі балағат сөздер,ұлттық арақатынасқа киындық түсіретін ауыр сөздер жазуға болмайтынын және адамдарды балағаттауға,жамандауға,адамдардың құқығын қорлауға болмайтыны туралы сөз қозғады.Сабақтың соңында студенттер интернетті қалай пайдалану керектігі және қандай жағдайларда қолдану қажет екендігі туралы қорытынды жасады, сонымен бірге желілік этикет туралы ұмытпау керегін айтты.

Қатысқандар: «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Курманбаева М.С., куратор-эдвайзер: Зорбекова А.Н және кафедра оқытушылары: Манкибаева С.А, Елтай Г.Е, Корбозова Н.К, Тілешова М.Т және "6В05102 Биология"мамандығының 1 және 2 курс студенттері.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz