Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!

17.04.2023

Көрулер: 455

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих факультетінің ұйымдастыруымен журналистика факультетінің 1-курс студенттеріне «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының жетекшісі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де доцент, эксперт, тарихшы Тасилова Назия және практика бойынша жетекшісі Мейрамбекқызы Нұрсұлу.

 

Ашық тәрбие сағатының кіріспесі ретінде Сатыбалды Асылзаттың орындауындағы «Толғау» атты ән шашудан бастау алды. Жалғасы ретінде 1-курс студенттері Алаш зиялыларын бейнелейтін, «Қазақ» газетінің шығу барысы кезіндегі Ресей патшалығының наразылығына түсіп, түрмеге жабылған сәттерін «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты телехикая желісінен үзінді көрсетті. Студенттердің Алаш зиялыларына арналған шығармашылық туындылары мен арнауларын көрермендерге жеткізді. Іс-шара соңын Сабыр Шұғыланың орындауында «Шындық» туралы толғауымен аяқтады. Тәрбие сағатына қонақ болып, студенттердің шығармашылығын тамашалауға Тарих Факультетінің профессорлары Еділ Ноянов пен Жұмақан Мақанұлы сыйлы қонағы болды.

 

Қорытынды сөздерді Тарих Факультетінің профессорлары іс-шара барысына баға бере отырып, келер ұрпаққа Алаш зиялыларын дәріптеуге, қазақ тілінде жетік сөйлеуге, елі мен жері үшін жанын қиған тұлғаларды ұмытпауға шақырды. Сонымен қатар, Алаш партиясы кезіндегі тың деректермен бөлісе отырып, студенттердің тарихқа деген қызығушылығын арттырды. Яғни біз жастар, қазіргі сәтте өзімізді өзіміз көтермесек, өзіміздің тілімізде сөйлемесек, салт-дәстүр мен мәдениетімізді ұстанбасақ, оны ешкім керек етпейді. Ол үшін де ең бірінші тарихты біле отырып, ұлтымызды, жерімізді сақтай алатынымызды айшықтап бере алды. Сол үшін де осындай тарихқа тағылым ретінде өткізілген тәрбие сағаты біз үшін де, болашақ жастар үшін де өте орынды болмақ!

 

 

Ұлдана НУРАДИН

Журналистика факультетінің 1-курс студенті

Ғылыми жетекші: «Тарих-география» мамандығының магистранты Мейрамбекқызы Нұрсұлу