«Шұғаның белгісі»

05.12.2022

Көрулер: 837

3 желтоқсан күні №3 дәріс залында сағат 15:00-де ҚазҰУ журналистика факультетінің «Фараби» студенттік театры Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты пьесасы желісімен дайындалған қойылымын қойды. Театр әртістері зор актерлік тәжірибе алды. Бұл олардың сценарийге негізделген алғашқы қойылымы болды.

 

Шығармашылық толқын сезілді, әртістер театрдағы шеберлік сабақтарында үйренген Майзнер техникасы, Станиславский жүйесі арқылы сахнада табиғи түрде өмір сүре алды. Ал қойылымның жетістікке жетудің негізгі себебі бұл коллективтің бір біріне өте мейірімді болуы, жастардың жеке таланты және үлкен шыдамдылық танытып актерлік шеберлікке ұмтылысын көрсете білуінде.

 

Бұл қойылымда журналистика факультетінің 10 студенті өнер көрсетті:

Шұға - Анастасия Ким

Әбдірахман – Ален Сеитов

Есімбек - Ратмир Северный

Айнабай - Равиль Касымов

Күмісжан - Тимофей Шарипов

Күлзипа - Наргиза Булатова

Нұрғали - Елжан Бисенбаев

Зейкүл - Жұлдыз Жұмаканова

Базарбай – Эльдар Каутанов

Сценарист актер - Дамир Кульбаев

 

Алдағы уақытта театр ұжымы бұл спектакльді мюзикл жанрында қоямыз деп жоспарлап отыр.