Әділетті қоғам құру журналистиканың басты қызметі

10.11.2022

Көрулер: 773

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы оқытушы-профессорларының қатысуымен "Әділетті қоғам  - журналистиканың ғылыми негізі және қызметі"  атты дөңгелек стол өтті.  Ғылыми жиында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы талқыланды.  Кафедра меңгерушісі  Гүлмира Сұлтанбаева кафедра ұстаздарына сайлауалды тұғырнаманы таныстырды. Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы  саяси маңызы бар сайлау алды науқан жайлы, академиялық қауымның  көзқарасы мен пікірі маңызды екендігін атап өтті.  Ғылыми шарада басты пікір білім мен мәдени құндылықтар төңірегінде өрбіді.   Факультет ақсақалы, белгілі журналист, профессор Сағымбай Қозыбаев журналистика мұражайы   "ALATAY AQPARAT" ЖШС ғимаратында ашылатынын хабарлады.   Аталмыш мұражай  студенттердің  қазақ журналистикасының тарихымен таныса алады деп мәлімдеді.   Бұл журналистика тарихына арналған алғашқы және әзірге бірден бір мұражай болмақ. Факультеттің ардагер-ұстазы, профессор К. Қамзин Қазақстандағы демографиялық өсудің маңызына тоқталды. Тақырып - өзекті.  Әділетті қоғам  құру журналистиканың басты қызметі саналады. Сондықтан дөңгелек үстелге жиналғандар мәселенің ғылыми негізін талдады.