Н. Иманғалиұлы атындағы "Qazaqstan" оқу-шығармашылық зертханасының қоры жаңа кітаптармен толықты

25.09.2022

Көрулер: 1117

  • Н. Иманғалиұлы атындағы "Qazaqstan" оқу-шығармашылық зертханасының қоры жаңа кітаптармен толықты. Бұл жолы ағамыздың зайыбы Қарлығаш ханым Нұртілеу Иманғалиұлының жеке кітапханасынан 100 кітапты тарту етті.
  • Зертханада сабақ барысында студенттер тележурналистика мен медианың дарабоздары мен майталмандарының кітаптарын оқуға, талдауға және зерттеу жұмыстарына қолдануға мүмкіндік алды.
  • Қазақ телевизиясының алып тұлғасы Нұртілеу Иманғали мұрасы жазылған 50 жылдық цифрлық архиві осы зертханада сақталған.
  • Қарлығаш апайға ерекше алғыс айтамыз.
  • Ағамыздың рухы шат болсын.

Профессор Г. Сұлтанбаева