Вашингтондағы бастама

26.06.2022

Көрулер: 1019

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің “ Баспасөз және электронды БАҚ” кафедрасы - ҚР журналистерін даярлаушы негізгі оқу орыны.Бұл кафедра ендігі жерде халықаралық журналистикамен тығыз байланыс жасауға күш салуда. Соның бір дәлелі - Вашингтонда тәжірибеден өтіп жүрген PhD Ертай Сұлтан. Ол батыстық журналистиканың қыр-сырын үйренумен қатар қазақ мәдениетін насихаттауға да зор үлес қосуда. Сол әрекеттерінен бір ғана мысал - өзі басқаратын AbaiCenter жариялап жатқан “The Sounds of the Great Steppe” подкастар сериясы тыңдалымы жағынан Apple Podcasts Rankings сараптамасына сәйкес музыка тарихы категориясы бойынша Коста-Рикада және Қазақстанда үздік үштікке енген. Ертайдың бастамаларына сәттілік тілейміз!


Клара Қабылғазина,

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессоры