«ЖУРНАЛИСТИКА БАРШАҒА: МЕДИА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ»

23.02.2022

Көрулер: 1314

2022 жылдың 25 ақпанында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті № 3-3 Марат Барманкулов атындағы Телерадиокешенінде Қазақстандағы телерадио журналистиканың негізін салушы, журналистика ғылыми мектебінің негізін қалаған, ұлттық телерадио хабарларын таратуға үлкен үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиелеген ғалым, профессор Марат Кәрібайұлы Барманқұловтың 85 жылдығына арналған «ЖУРНАЛИСТИКА БАРШАҒА: МЕДИА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ» атты аралас форматта (гибрид) халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 



Конференция бағыттары:

  1. • Қазақ журналистикасының заманауи дамуы;
  2. • БАҚ технологиялары мен тенденциялары;
  3. • Жаңа медиа - цифрлық дәуірдің қиындықтары;
  4. • Ақпараттық мәдениет: мәселелері мен болашағы;
  5. • БАҚ кадрларын даярлау мәселелері;
  6. • Профессор М.К.Барманқұловтың шығармашылығы, зерттеулері және мұралары
  • «Журналистика баршаға: медиа және технологияның жаңа буыны» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция дәстүрлі «Барманқұлов оқулары» аясында өткізіледі. Конференцияға М.Қ.Барманқұловтың туыстары мен достары, әріптестері, шәкірттері, журналистика және бұқаралық коммуникация зерттеушілері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, БАҚ мамандары, студенттер мен магистранттары және докторанттар қатысады.

Қосымша ақпарат:

  • Марат Кәрібайұлы Барманқұлов (1937-2000) – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінде 35 жылдан астам қызмет етті. 1965 жылдан бастап ол кафедраның ассистентінен филология ғылымдарының докторы, профессор, Журналистика факультетінің күндізгі және сырттай факультеттерінің деканына дейін өсті. 1991 ж. - республикалық «Казахстанская правда» газеті редакторының бірінші орынбасары болды. М.К. Барманқұловтың алғашқы кітаптары «Репортаж на радио и ТВ» (1970), «Весь мир у вас в квартире» (1972), сонымен қатар «Журналистика для всех» еңбегі қазіргі студенттер мен жас журналистеріне арналған анықтамалық. Марат Кәрібайұлы Барманқұлов - Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, көрнекті ғалым, тележурналист, журналистика және бұқаралық коммуникация, мәдениеттану және түркітану бойынша көптеген кітаптардың авторы.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

  • Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті
  • Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488,
  • +77073777049
  • Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессор: Барлыбаева Сауле, моб: 8-777-338-61-32
  • Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары,
  • PhD А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861
  • ID: 714 088 7304
  • Код: jLxz2B


АҚПАРАТТЫ САЙТҚА ЖҮКТЕГЕН: АРУЖАН ЕЛҒОНДИНОВА