ЖУРФАК СТУДЕНТІ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

28.12.2021

Көрулер: 1686

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің 4-курс студенті Денис Брагин "Халық алғысы"медалімен марапатталды.

 


  • Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығы қарсаңында Журналистика факультетінің 4-курс студенті, «КТК» арнасының тілшісі Денис Брагин үкіметтік марапатқа ие болды. Айтулы күні «КТК» арнасының үш журналисті марапатталды: қазақ редакциясының жүргізушісі Мәдина Балғабаева, Семейдегі тілші Елена Назирова және біздің Денис Брагин.
  • Денис ресми түрде «КТК» арнасында 2018 жылдың 15 қазанынан бастап қызмет атқарады. Алғашында сайттағы кешкі жаңалықтардың контент-редакторы болып, тәжірибе жинап, кейіннен ақпараттық бағдарламалар дирекциясының корреспонденті қызметіне дейін көтеріледі.
  • Оның сюжеттерінің тақырыптары әртүрлі: әлеуметтік – тұрмыстық, ковид, вакцинация туралы, қазіргі алмағайып замандағы адамдардың өмірі туралы.
  • Д. Брагин білімді де білікті, адамгершілігі мол, еңбекқор студент!

«Журналистика факультетінде білім алып, «ҚТҚ» арнасында қызмет істеу маған қатты ұнайды! Рухани танымымды кеңейтіп, мамандығыма деген жауапкершілігімді ерекше арттырды. Университетте және редакцияда өткен уақыт мен үшін ешнәрсемен өлшенбес байлық десем болады. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру – әсіресе, журналистика мамандығы үшін ауадай қажет екендігін тағы да ұғындым", – дейді Денис алған марапатына дән риза болып.


Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы

Л.П. Нода