Фотоөнер

30.01.2019

Көрулер: 2280

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің Т.Қожакеев атындағы 230 аудиториясында Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы «Кино және ТВ» кафедрасының оқытушысы, белгілі фотосуретші Оңғарбек Алхаровтың шеберлік сабағы өтті. Тақырыбы «Фото-видео түсірілімдеріндегі композиция негіздері». Шараға барлығы 50-ге жуық оқытушылар мен студенттер қатысты. О.Алхаров еліміздегі және шетелдегі фотоөнер саласының дамуына тоқтала келіп, қатысушылардың жан-жақты сұрақтарына толымды жауап берді. Бұл фотоөнердің тылсымына бойлағысы келетін болашақ БАҚ саласының журналистері мен баспагер дизайнерлері үшін, қызықты, пайдалы, әрі сауатты шеберлік сабағы болды.