Шабыт ақтаңгері

24.01.2019

Көрулер: 2432

24-қаңтар күні менің эдвайзерлік тобым - 102-топ студенттерінің ұйымдастыруымен топтың талантты ақыны Кенжебек Дулатбектің «Шабыт ақтаңгері» атты тұңғыш кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптың лентасын қиып, шашу шашудан басталған шағын той үлкен концерттік бағдарламаға ұласты. Тек қана жігіттерден құралған топ Дулатбектің жырларын жатқа оқыды. Салтанатты шарада күмбірлеген күйлер шертіліп, әуезді әсем әндер шырқалды. Кеш соңында алыстан ат терлетіп жеткен автордың туыстары факультетке алғыс айтып, ақ тілектерін арнады.

102 –топ эдвайзері Жидегүл Әбдіжәділқызы