Біліктілікті жоғарылатудың халықаралық циклі 2017 ж.

03.04.2017

Көрулер: 1448

2017 жылдың 3-8 сәуір аралығында  әл Фараби атындағы ҚазҰУ  эпидеиология және гигиена кафедрасында  университет пен  ресей медициналық академиясы арасындағы әріптестік жөніндегі келісім шарт аясында «Ресей тұтынуды бақылау «Ресей потенциалды қауіпті химиялық және биологиялық заттарды тіркеу»  ДДБМ (Денсаулық  сақтаудың дербес бюджеттік мекемесі) директоры,   Ресей Денсаулық Министрлігі ҚКББ ДМБМ (қосымша кәсіби білім беру  дербес мемлекеттік бюджеттік  мекемесі), «Токсикологиялық жаршы» ғылыми тәжірибелік журналының бас редакторының  орынбасары,  «Ресей үздіксіз білім берудің  медициналық академиясы» гигиена кафедрасының профессоры, м.ғ.д., Хамидулина Халидя Хизбулаевнаның қатысуымен  54 сағат көлемінде «Химиялық қауіпсіздік  аумағында  қоғамдық денсаулықты  қорғау органдарының жұмысының негізгі бағыттары»  тақырыбында   халықаралық біліктілікті жоғарылату курсы өтті.

 

Халықаралық циклдің тыңдармандары  ҚР ТҚҚБ  басқармалары мен департаменттерінің  техрегламенттері талаптарын  сақтауға  санитарлық  гигиеналық бақылау жүргізу бөлімінің  мамандары,  ҚР Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының  мамандары,  гигиеналық саладығ  кафедралардың  профессорлық оқытушылар құрамы болды. 

 Цикл барысында мынадай сұрақтар қарастырылды:

  • ·        Химиялық  заттарды қауіпсіз реттеу мен  оларды халықаралық  және ұлттық деңгейде таратудың  өзекті мәселелері»

  • ·        Гигиеналық нормалаудың негізгі қағидалары;

  • ·        Азық түлік қауіпсіздігіннің негізгі аспектілері;

  • ·        Профиалктикалық токсикология және  гигиена тәжірибесіне  химиялық заттарды таңбалау және жіктеу жүйелерін жаһандық деңгейде енгізу;

  • ·        Химиялық қауіпсіздік мәселелерін  ақпараттық қамтамасыз ету;  кедендік  одақтың техникалық  регламенттері (тағамдық емес өнімдер)

  • ·        Санитарлық қызмет жұмысы барысында  санитарлық гигиеналық  зертхананың рөлі мен орны;

  • ·        Өндірістік канцерогендер. РФ  канцерогендерді реттеу;

  • ·        Эндокриндік бұзушылар, нано заттар, наноматериалдар, репродуктивтік  токсиканттар  мен мутагендер;

Цикл сабағы барысында  көптеген тыңдармандарда  өнімдердегі химиялық заттардың мөлшерін анықтау және оны реттеу бойынша  көптеген тәжірибелік сұрақтар болды.  Ресей дәріскері бұндай сұрақтардың ресей федерациясында  қалай шешілетіндігі жөнінде  ақпараттармен бөлісті.