Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан: медициналық көмекті көрсетумен байланысты жұқпалармен күрес;

14.12.2016

Көрулер: 2738

2016 жылы 14 желтоқсанда  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан, Ресей және Әзербайжан елдерінің  денсаулық сақтау саласы мен  медициналық білім беретін мекемелерінің  мамандарының басын қосқан халықаралық  дөңгелек үстел іс шарасы өтті. 60-тан астам өкілдердің, атап айтқанда, Қазақстанның емдік алдын алу мекемелерінің, тұтынушылар құқығын қорғау басқармаларының мамандары, С.М. Киров атындағы  Әскери медициналық академиясы, әл-Фараби атындағы Қаақ ұлттық университеті мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің   профессорлық-оқытушылар құрамы,  Қазақ медициналық  үздіксіз білім беру цниверситетінің қызметкерлері, Әзірбайжан елінің  медициналық ассоцациясының өкілдерінің басы біріккен  бұл шарада  «Медициналық көмекті  көрсетумен байланысты жұқпа қоздырғыштарына бақылау жүйесін ұйымдастыру» тақырыбы талқыланды.

 Дөңгелек үстел  онлайн қатысушылары  еліміздің ірі 15 мекемелеріің медициналық қызметкерлері, оның ішінде  ШҚО ДҚ «Ана мен бала орталығы» ММК қызметкерлері қатысып отырды.

Еліміздегі жұқпалы аурулардың деңгейі  соның ішінде медициналық көмек көрсетумен байланысты  жұқпалардың саны (МККБЖ)  «Ұлттың денсаулық деңгейінің көрсеткішін» сипаттайтын  индикаторлық компоненттерінің бірі болып табылады.

МККБЖ  барлық әлем бойынша  шешуді талап ететін өзекті мәселенің бірі болып табылады.  Отандық және шет елдік зерттеуші  мамандардың мәліметтері бойынша   МККБЖ   емдік алдын алу мекемесіне келіп түскен  науқастардың 5-12 % болады. Бұл сан  амбулаторлық көмекті алып отырған және инвазивтік  диагностикалық  тексеруден өтіп отырған  науқастардағы  МККБЖ  зақымдалуын  есептемейді.  Алдын алу шараларының тиімділігінің жеткіліксіздігі  әлеуметтік  медициналық және экономикалық  мәселелердің  бірі болып табылады.

 Жиналғандарды  әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ медициналық факультетінің деканы,  м.ғ.д., профессор Қалматаева Жанна Амантай қызы қарсы алып, алғы сөз сөйледі.    Дөңгелек үстел модераторлары  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  эпидемиология және гигиена кафедрасының  меңгерушісі,  м.ғ.д., профессор  Табаева Әлия Әбілқызы  және  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  эпидемиология кафедрасының  құрметті  профессоры, м.ғ.д.,  Әміреев Сәкен Әміре ұлы  болды.  

Дөңгелек үстелге жиналған қатысушылар С.М. Киров атындағы  Әскери медициналық  академиясының  визитинг профессоры  Е.Н. Колосовскаяның тарапынан даярланған «Антибактериалды төзімділікті ұстап тұру саясатының  аумағында Ресей Федерациясының  ЕПМ микробиологиялық  бақылау жүйесін енгізу тәжірибесі» тақырыбындағы    презентациясын аса ыждаһаттылықпен тыңдады. Профессордың бұл саладағы зор тәжірибесіне орай  тағайындалып ұсынылған  бұл  презентацияда  медициналық көмек көрсетумен байланысты  жұқпалармен күресу бойынша  барлық тәжірибе жан жақты қамтылғандығы белгілі болды. Колосовская Е.Н., 10 жылдан астам уақыттай  Санкт-Петербург  қалалық денсаулық сақтау басқармасын басқарған,  РФ  нормативтік  құжаттары мен  стандарттарын  дайындауға қатысқан. Сонымен бірге  медициналық көмек көрсетумен байланысты жұқпаларды эпидемиологиялық бақылау бойынша әдістемелік нұсқаларды дайындаған тәжірибелі  қызметкер маман. 

Қатысып отырған ғалым дәрігерлердің  ең жоғары қызығушылығы  WHO NET халықаралық  компьютерлік бағдарламаның  бактериалды  штаммдардың антибиотикке төзімділігін  бақылау бойынша  мәліметтері мен  оны эпидемиологиялық зерттеу жұмыс барысында қолдануы болды. Медициналық көмекті көрсетумен байланысты туындаған жұқпалар жағдайларын  тексерудің мүмкін еместігі жөнінде  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰУ  клиникалық жұмыстар бойынша  департаментінің директоры А.В. Балмұқанова, ҚазҰМУ  балалар жұқпасы  кафедрасының меңгерушісі профессор А.К. Қатарбаев, ҚазҰМУ   акушерлік және гинекология  курсының доценті Б.Н. Бищекова, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру  университетінің  гигиена, эпидемиология және микробиология кафедрасының  меңгерушісі, М.А. Баймуратова, доцент Р.А. Тьесова-Бердалина өз пікірлерін білдірді.  Қазақстан республикасының хирургиялық,  терапиялық,  жұқпалы  саладағы  стационарларда жұмыс істейтін әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің өткізген  «Жұқпаны бақылаудың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілігін жоғарылату циклына  келген    мамандар МККБЖ бойынша  жағдайлармен бөлісті.

Қазақстан бойынша  МККБЖ бойынша жалпы жағдайды бағалау түгелдей алғанда  қазақстан республикасының  тұтынушылар құқығын қорғау бойынша  комитеттің  санитарлық эпидемиологиялық сараптаманың  ғылыми тәжірибелік орталығының жұқпаны бақылау және дезинфектология басқармасының басшысы, м.ғ.к.,  жоғары санаттағы  дәрігер  толықтай бағалап мәліметін берді.  

Оның тарапынан  ҚР және РФ  бойынша  МККБЖ күресу мәселелері бойынша әдістемелік  амалдар,  жұқпаны бақылау жүйелері,  нормативтік құжаттардың ұқсастығын  атап өтті,  ЮНИСЕФ, ДДҰ,  CDC,  сарапшыларының қатысуымен ұлттық  эксперттер тарапынан  тағайындалған  «денсаулық сақтау мекемелерінде  медициналық жабдықтармен байланысты  жұқпалардың алдын алу»  деген тақырыптағы  дәрігерлерге  арналған оқыту курсы  презентацияланды.

Әзірбайжанның денсаулық сақтау саласының  бағыттылығы жөнінде  Әзірбапйжанның медициналық ассосациясының  Президенті халықаралық стандарттарға  Нариман сафарли  хабарлама берді.  МККБЖ  күресу маңыздылығы Әзірбайжан елінің  ЕПМ  жұқпаны бақылау бойынша ЕПМ  басқарма орыньбасарларының  қызметтерінің енгізілуімен  белгіленген.

 Дөңгелек үстелдің қорытындысында  қатысушылар  тақылаудың өнімділігін жәе мамандар тарапынан  өзара  пайдалы ақпараттарды алмастыру жүзеге асырылды.  Сонымен бірге, осы мәселені,  тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын жоғарылату және медициналық көмек көрсетумен туындаған  жұқпалардың алдын алу, жұқпаны бақылаудың жүйесін жетілдіру бойынша, мәселені одан ары қарай өрбіту барысында  келесі  ретте кездесу қажеттілігі белгілі болды.  Дөңгелек үстел  ұйымдастырушылары ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  эпидемиология және гигиена  кафедрасы сөз алды.