Жаңалықтар

Aстана Economic Forum

16.05.2018

Astana Economic Forum сейчас здесь: Expo 2017 Astana International.

(KZ. For RUS and ENG scroll down) АЭФ әзірлік: Global Challenges Summit 2018 соңғы мәресіне шығады – форум 17 мамырда ашылады. Еуразияның орталық іскерлік оқиғасынан құр қалмаңыз - https://forum-astana.org/kz/registration сайтында өтінім толтырып, қатысу пакетін таңдап алыңыз.

Ары қарай оқу >>

Clarivate Analytics Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

15.05.2018

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Clarivate Analytics» компаниясының Ресей және ТМД мемлекеттері бойынша басқарушы директоры Олег Уткинмен кездесті. Кездесу барысында О.Уткин Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабаршы журналының физика-математика сериясының бас редакторы Ғ.Мұтановқа аталмыш журналдың «Clarivate Analytics» платформасының «Emerging Sources Citation Index» базасына енгеніне байланысты арнайы сертификат табыстады.

Ары қарай оқу >>

Бос орындар жәрмеңкесі 2018

03.05.2018

ҚазҰУ-да Мансап және кәсіби даму орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Биылғы жәрмеңкеге 60-қа жуық жұмыс беруші кәсіпорындар мен ұйымдар, ірі компаниялар қатысты. Аталмыш шараның мақсаты-ҚазҰУ-дың бітіруші түлектерін өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға себепші болу.

Ары қарай оқу >>

БҰҰ-ның жоғары сенімі

02.05.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2020 жылға дейін БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабына жетекшілік ететін болды. Бұл шешім университеттің тұрақты даму саласындағы табысты басшылық қызметінің қорытындысы негізінде қабылданды.

Ары қарай оқу >>

ЖАҢА БІЛІМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

28.04.2018

ЖАҢА БІЛІМЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» мемлекеттік жобасы заманауи қазақстандық студенттердің таным көкжиегін кеңейтті – енді философия, психология, әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, лингвистика, журналистика, экономика және менеджмент салаларындағы әлемдік ғылыми бестселлер қазақтілінде қолжетімді болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылып әрі жарыққа шыққан алғашқы 18 кітап бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беру үдерісіне енгізілді.

Ары қарай оқу >>

«Үздік студент – 2018» жобасы

27.04.2018

27.04.2018 жылы Астана қаласының «Тілеп Қобыз сарайында» І-ші Респбуликалық ЖОО студенттері арасында «Мосты согласия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Үздік студент – 2018» жобасы болып өтті.

Ары қарай оқу >>

БҰҰ үлгісі - Жаңа жібек жолы

24.04.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "БҰҰ үлгісі - Жаңа жібек жолы" 7-халдықаралық студенттік конференциясы өтті

Конференция Қазақстан, Ауғанстан, Үндістан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ АҚШ-тың студенттері, Италия, Франция және т.б. қоса алғанда, 20 елден 350-ден астам делегат қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тілі – халықаралық қарым-қатынас тілі

23.04.2018

«Қазақ тілі – халықаралық қарым-қатынас тілі» атты халықаралық мектебі шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасымен және көптілді білім беру ресурстық орталығы Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетімен (Ресей) бірге Қазақстан Республикасының Елбасы - Бірінші Президент Қорының қолдауымен құрылған.

Ары қарай оқу >>

V Фараби оқулары шегіндегі Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

19.04.2018

География және табиғатты пайдалану факультетінде V Халықаралық Фараби оқулары шегінде ағымдағы жылдың 11-12 сәуірінде  «Геожүйелердің заманауи зерттеулерінің әдітемелігі мен практикасы» атты  конференция өтті. Бұл конференция аталған факультетіндегі картография және геоинформатика кафедрасының жетекшілігімен екі жылда бір рет жүргізіледі.   Конференция жұмысында өз баяндамаларымен 41 ірі және жас ғалымдар  қатысты – Қазақстанның ЖОО мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері (Назарбаев университеті, Гумилев атындағы ЕҰУ, Солтүстік-Қазақстан және Батыс-Қазақстан университеттері, Абай атындағы ҚазҒПУ, Сәтпаев атындағы ҚазҒЗТУ), жақын (РФ – Ломоносов атындағы ММУ, Тюмень Мемлекеттік университеті, Беларусь Республикасының Минск Мемлекеттік университеті) және алыс (Ұлыбританияның Ноттингем университеті) шетел өкілдері.  

Ары қарай оқу >>

Австрия астанасы Венада «Biomass resources distribution and bioenergy technical potential in Kazakhstan: a GIS-based analysis» атты баяндаманың презентациясы

13.04.2018

Ағымдағы жылдың сәүірдің 8-13 аралығында Венада (Австрия) Австриялық Ферералды Ғылым және Ғылыми зерттеу Министрлігінің жетекшілігімен «European Geosciences Union (EGU) General Assembly» атты жылсайындағы Халықаралық Географиялық конференция өтті. Бұл конференция геоғылымдар және қоршаған орта ғылымдары бойынша ең негізгісі болып табылады. Аталмыш конференция халықаралық сілтемелік индекстеріне қосылған (SCOPUS, Web of Scince, Elsevier) халықаралық ғылыми топ-журналдардың қолдауымен өтеді. Биыл конференцияға 13902 ғылмдар қатысты, олар дүниежүзі 107 мемлекеттерінен келген геологтар, геофизиктер, геохимиктер, геоморфологтар, климатологтар, географтар, геодезистер мен картографтар және т.б. Қатысушылар назарына ауызша және постер түрінде 15000 мақала ұсынылды.

Ары қарай оқу >>