V Фараби оқулары шегіндегі Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

19.04.2018

Көрулер: 3551

География және табиғатты пайдалану факультетінде V Халықаралық Фараби оқулары шегінде ағымдағы жылдың 11-12 сәуірінде  «Геожүйелердің заманауи зерттеулерінің әдітемелігі мен практикасы» атты  конференция өтті. Бұл конференция аталған факультетіндегі картография және геоинформатика кафедрасының жетекшілігімен екі жылда бір рет жүргізіледі.   Конференция жұмысында өз баяндамаларымен 41 ірі және жас ғалымдар  қатысты – Қазақстанның ЖОО мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері (Назарбаев университеті, Гумилев атындағы ЕҰУ, Солтүстік-Қазақстан және Батыс-Қазақстан университеттері, Абай атындағы ҚазҒПУ, Сәтпаев атындағы ҚазҒЗТУ), жақын (РФ – Ломоносов атындағы ММУ, Тюмень Мемлекеттік университеті, Беларусь Республикасының Минск Мемлекеттік университеті) және алыс (Ұлыбританияның Ноттингем университеті) шетел өкілдері.  

Конференцияның мақсаты – Әртүрлі геожүйелер зерттеулерінде заманауи әдістемелік амалдардың қолдануын қарастыру, - келесі міндеттерді анықтай түсті:

—  Табиғи және техногенді геожүйелердің құрылымы мен динамикасының зерттеу деңгейін бағалау.

—  Зерттеулер бағытында инновациялық әдістердің қолдану деңгейін қарастыру.

—  Геожүйелердің зерттеу нәтижелерінің қолданбалы бағыттарын анықтау. 

 «IX Жандаевские чтения» атты конференция жұмысы төмендегі бағыттарды біріктірген екі секция бойынша өтті:

- Геожүйелердің құрылымы мен динамикасы және оларды зерттеу әдістері

- Қазақстан аумағындағы қорғалатын геожүйелерінің мәселелері

- Экологиялық туризм – қағидалары, дамуы, орналасуы, зерттелуі

- Техногенді геожүйелердің геодинамикасы

- Геодинамикалық геожүйелердің зерттеулер әдістері мен практикалық маңыздылығы


 Пленарлық мәжілісте баяндамаларын жасағандар:

- Воскресенский И.С. – г.ғ.д., Ломоносов атындағы ММУ-ті геоморфология және эволюциялық география кафедрасының профессоры. Баяндама тақырыбы - «Мониторинг рельефа трассы магистрального трубопровода в центре Русской равнины с применением дистанционных и геоинформационных методов». Бұл жұмыс қазақстандық зертеушілермен бірігіп орындалған ғылыми жоба нәтижесі болып табылады.

- Ликутов Е.Ю.  -  г.ғ.к., Тюмень Мемлекеттік университеті география кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы - «Функции элементов геоморфосистем (на примере речной долины)»  

         Конференцияның бірінші секция бойынша геожүйелердің (оның ішінде Қазақстандағы) құрылымы мен динамикасы, оларды зерттеу әдістері, Қазақстанның қорғалатын геожүйелері, экологиялық туризм: даму қағидалары, орналасуы және зерттеулері маңызды мәселеріне арналған  21 баяндама жасалды.  

 Екінші секцияның жұмысы Қазақстан ғылымының өзекті мәселелерінің аспектілеріне арналған, олар:  техногенді геожүйелердің геодинамикасын зерттеу, динамикалық геожүйелер зерттеулерінің әдістері мен практикалық маңыздылығы.  Секцияда 20 жұмыс баяндалды.

         Барлық баяндамалар конференция қатысушыларында қатты қызығушылық және талқылау туындатты.

         Халықаралық ғылыми-зерттеу конференция қатысушыларының   пікірі бойынша антропогендік жүктеменің өсуі және, сәйкесінше, геожүйелердің трансформациялау жағдайларында табиғи, табиғи-техногендік, техногендік жүйелердің жағдайы, құрылымы, динамикасы мен оларды мониторинг мақсатымен зерттеу және визуализациялау әдістері (дәстүрлі және инновациялық) ерекше өзекті мәселелерге айналды. 

Білім және ғылымды интеграциялау қажеттілігіне, оның қолданбалы аспектілерін күшейтуіне байланысты конференция қатысушылары керек деп санайды: 

1. Геожүйелердің өтімді зерттелерін және қолданбалы аспектілерін күшейту үшін ғылыми және академиялық бірлестіктер мақсаттарын бағыттау  және олардың жұмыстарын консолидациялау керек;

2. Геожүйелердің ғылыми зерттеулері ортақ морфолитогендік негізімен сипатталады. Бұл негіз арнайы білім беру бағыты – геоморфологияның  нысаны мен пәні болып табылады. 

3. Конференция материалдарын, ары қарай Қазақстанның (оның ішінде ҚазҰУ Хабаршысы ғылыми журналы) жоғары рейтингті басылымдарында шығару мақсатымен, ғылыми және практикалық маңыздылығына, баяндау түріне қарай бөлу.

 

БЕКСЕИТОВА Р.Т. - г.ғ.д., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің   картография және геоинформатика кафедрасының профессоры