Австрия астанасы Венада «Biomass resources distribution and bioenergy technical potential in Kazakhstan: a GIS-based analysis» атты баяндаманың презентациясы

13.04.2018

Көрулер: 3607

Австрия астанасы Венада «Biomass resources distribution and bioenergy technical potential in

 Kazakhstan: a GIS-based analysis» атты баяндаманың презентациясы өтті.

 

Ағымдағы жылдың сәүірдің 8-13 аралығында Венада (Австрия) Австриялық Ферералды Ғылым және Ғылыми зерттеу Министрлігінің жетекшілігімен «European Geosciences Union (EGU) General Assembly» атты жылсайындағы Халықаралық Географиялық конференция өтті. Бұл конференция геоғылымдар және қоршаған орта ғылымдары бойынша ең негізгісі болып табылады. Аталмыш конференция халықаралық сілтемелік индекстеріне қосылған (SCOPUS, Web of Scince, Elsevier) халықаралық ғылыми топ-журналдардың қолдауымен өтеді. Биыл конференцияға 13902 ғылмдар қатысты, олар дүниежүзі 107 мемлекеттерінен келген геологтар, геофизиктер, геохимиктер, геоморфологтар, климатологтар, географтар, геодезистер мен картографтар және т.б. Қатысушылар назарына ауызша және постер түрінде 15000 мақала ұсынылды.

Конференцияның Геоақпараттық Зерттеулер және Энергияның Қайта Қалпына Келтіру секциясында «Biomass resources distribution and bioenergy technical potential in Kazakhstan: a GIS-based analysis» атты баяндаманың презентациясы өтті. Баяндама әл-Фараби атындағы картография және геоинформатика кафедрасының (д-р Кошим А.Г. және д-р Бексеитова Р.Т.) Ұлыбритания Ноттингем университетімен (д-р Каратаев М.) бірігіп орындаған ғылыми жоба шегінде дайындалған. Жоба мақсаты - Қазақстан территориясындағы биоэнергетикалық потенциалының кеңістік таралуы және биомасса потенциалын қолдану мүмкіншілігінің сандық бағалауы. Жобаны орындау нәтижелері Қазақстан территориясындағы ауылшаруашылық жаратылыстағы биомассаның суммарлы потенциалы мұнай эквивалентінің 16,5 млн.тоннасына тең екенін көрсетті. Ауылшаруашылық қалдықтарынан шығарылатын энергия көлемі, теориялық жағынан ойланып алғанда, 485*106 Дж құрайды. Соңғы көрсеткіш Қазақстанда энергияның жалпы қолданылатын көлемінің 25-30% құрайды және де жылыжай (парник) газдарының көлемін 64,72 млн.т.  дейін азаюына апарады. Есептелген баға негізінде Қазақстан территориясын, оның биоэнергетикалық потенциалына қарай, төрт типке бөлуге болады – олар биоэнергетикалық потенциялы салыстымалы жоғары, орташа, төмен және шамалы. Альтернативті электроэнергия өндірісінің потенциалды мүмкіншіліктерін көрсететін ГАЖ-карталар сериясы биомассаның негізгі ресурстары мен биоэнергетикалық потенциалы Акмола,Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқанын көрсетеді. Жобаның толық мәліметті презентациясымен келесі сілтеме (ссылка) арқылы танысуға болады.

 

 

 

Бексеитова Р.Т. - г.ғ.д.,., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының профессор м.а.

Көшім А.Ғ. - г.ғ.д.,., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының профессор м.а.