Студенттік топ куратор-эдвайзерлерінің жұмысындағы психологиялық технологиялар

16.01.2024

Көрулер: 219

Шеберлік сабақтары Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының бастамасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастармен жұмыс департаменті, «Денсаулық үшін серіктестері» ҮҰӨ және ҚазҰУ Әлеуметтік-психологиялық қызметі қолдауымен өтті.

Қазақстанның тұрақты дамуының жаһандық негізгі мақсаттарының бірі – денсаулық пен әл-ауқат, ал психологиялық денсаулық олардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Іс-шара ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат» бағдарламасын жүзеге асырады. 2024 жылдың 16 қаңтарында студенттерге психологиялық қолдау көрсету және жастар арасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу жобасы аясында өткен тренингте студенттердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу және бейімделу мәселесі басты тақырыпқа айналды.

Семинарда аутоагрессивті мінез-құлық үшін қауіп-қатер және қорғаныс факторлары, жастар мінез-құлқының ескерту белгілері мен маркерлері, білім беру іс-шараларын ұйымдастырудың интерактивті әдістері, студенттерге университетке тиімді бейімделуге қалай көмектесу сияқты мәселелер қарастырылды. Жоба «Денсаулық үшін серіктестер» ҮҰӨ қолдауының арқасында жүзеге асып отыр.

3 шеберлік сыныбына ҚазҰУ-дың әртүрлі факультеттерінен 92 куратор қатысты.

Жүргізушілер: психология ғылымдарының докторы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Мадалиева З.Б., психология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Құдайбергенова С.Қ.

Ұйымдастырушылар: Жастармен жұмыс департаменті (Ж.Д. Есімова және Т.Б. Әбішев) Философия және саясаттану факультетімен бірлесе отырып, Деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Өмірбекова А.О., жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Мыңбаева А.Қ., Аязбаева Б.Б., ҚазҰУ психологы Амангелді Мейрамбекұлы.

 

 

 

Өтетін орны: «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, КазҰУ