ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «М.М. МҰҚАНОВ – КӨРНЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ПСИХОЛОГ ЖӘНЕ ЭТНОПСИХОЛОГ»

04.12.2023

Көрулер: 364

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты – отандық эксперименталды және этникалық психологияның дәстүрлерін дамыту, мәдениетаралық психологияның заманауи мәселелері мен зерттеу әдістерін талқылау, тұлғалар туралы, М.М.Мұқановтың Орталық Азия, дүниежүзілік ғылым және қазақ ұлттық психологияның дамуына қосқан үлесі туралы тарихи білімдерді жеткізу.

Дөңгелек үстел тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырады – ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат».

Дөңгелек үстелді ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейірбаев ашты, баяндамашылар: Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі А.Қ. Мыңбаева, дөңгелек үстелді ұйымдастырушы Психологиялық технологиялар және инновациялар орталығының жетекшісі, психология ғылымдарының докторы Ф.С. Ташимова, Өзбекстан Ұлттық университетінің психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Дилбар Гафуржановна Мухамедова; М.Мұқановтың шәкірті психология ғылымдарының кандидаты, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогика және психология кафедрасының доценті Кеңес Айтжанұлы Нұрғалиев; «Психология» мамандығының 2 курс магистранттары.

М.М. Мұқановтың мұрасы туралы жас зерттеушілер баяндамалары:

  • Аружан Даулетова «М.М.Мұқановтың ойлау қызметін зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері»;
  • Есенгулова Аружан – «Зерттеу объектісі және этикалық нормалардың ойлау процестеріне әсер ету ерекшеліктері»;
  • Иманкенова Венера – «Жұмбақтарды шешуге арналған тәжірибелер және олардың ойлау процестерінің деңгейіне әсері»;
  • Оспағанбетова Мульдер «Когнитивті эмпатия және рефлексия бойынша эксперименттер»;
  • Усербай Медина «Қабілет пен мәдениетті психологиялық талдау»

Дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ал бейне байланыс арқылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті мен Шәкәрім атындағы Семей университетінің студенттері мен магистранттары қатысты.