АНОНС: «Қазақстан Республикасының Конституциясы - Жаңа Қазақстанның дамуының құқықтық негізі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы: 2023 жылғы 25 тамыз

11.08.2023

Көрулер: 586

 

 

 ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!


  •  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сіздерді 2023 жылғы 25 тамызда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Жаңа Қазақстанның дамуының құқықтық негізі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

 

Конференция ұйымдастырушылары:

 

  •   Қазақстан Республикасының Конституциялық соты
  •   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

 Конференцияның мақсаты - жаңа Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуына бағытталған конституциялық реформаларды саяси-құқықтық талдау жасау.

 

Осы мақсатты іске асыру үшін конституциялық реформаларды жүргізу, қазақстандық қоғамды демократияландыру, адам және азамат құқықтарын қорғау контекстіндегі қазіргі саяси-құқықтық, экономикалық және мәдени процестерге қатысты ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен пікірлерін еркін алмасу үшін пәнаралық диалог алаңы құрылады.

Конференцияға Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының: Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық соттың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері; халықаралық сарапшылар, Қазақстанның жетекші ғалымдары, азаматтық қоғам өкілдері қатысады.

 


 

  •  Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
  •  Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ., Кітапхана, 409 ауд.
  •  Жауапты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы Байдельдинов Даулет Лаикович,

       тел. +7-701-710-63-71, эл. пошта: daulet.baideldinov@kaznu.edu.kz  

       +7-701-714-01-81, эл. пошта: erbol.alymkulov@kaznu.edu.kz

       +7-701-555-64-66, эл. пошта: ibraeva_tgp@mail.ru  

  •  Өткізу форматы: гибридті формат (онлайн-офлайн).

 

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы дайындалады.

 

 ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ!