Заң факультетінің түлектері-1988: 35 жылдан кейін.

18.06.2023

Көрулер: 592

 

 

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде 1988 жылғы түлектердің кездесуі өтті. 35 жыл бұрын университетті 350 заңгер бітірген. 17 маусымда кездесуге 60-қа жуық адам келді, олар бүгінде ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысады, орталық және жергілікті мемлекеттік билік және басқару органдарында, сот жүйесінде, прокуратурада және құқық қорғау органдарында жұмыс істейді, адвокаттық қызметпен айналысады, экономика мен бизнестің әртүрлі салаларында жоғары дәрежелі заңгерлер болып табылады.

 

  • 1988 жылғы "Жұлдызды курсты" белгілі профессорлар, заң ғылымдарының докторлары Амирханова Ирина Викторовна, Баймаханова Дина Муратовна, Қалишева Нәжия Хусаинова, Мороз Светлана Павловна, Темірбеков Әлібек Ахылбекұлы, Тыныбеков Серікқали Тыныбекұлы, Шәріпов Шаймардан Магомадұлы ұсынады.

 

1988 жылдың барлық түлектерін мерейтойымен құттықтаймыз!