Заң факультетінің таланттары

18.05.2023

Көрулер: 722

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінде талантты магистранттар мен докторанттар оқиды.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасында 1 курс магистрі Жапарбек Арайлым оқиды. Ол ТМД студенттеріне арналған халықаралық ғылыми байқауға қатысты. Ұсынылған ғылыми жұмыстардың нәтижелері бойынша Жапарбек Арайлым «ТМД-ның үздік студенті-2023» төсбелгісімен марапатталды.

 

Халықаралық байқаудың ұйымдастырушысы - «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы. Қазіргі уақытта Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Молдова, Қытай, Жапония, Беларусь, Грузия, Армения, Түрікменстан, Түркия, Әзірбайжан, Румынияның жетекші ғылыми және білім беру мекемелерімен жұмыс істейді.

 

Аталған жобаның мақсаты: ғылыми білімді тарату, ғылыми жарияланымның жоғары стандарттарын қолдау, қазақстандық ғылымды әлемдік ақпараттық ғылыми кеңістікке интеграциялауға жәрдемдесу.