Лондондағы King's College London конференция-симпозиум
16.05.2022
Көрулер: 1299
2022 жылғы 16 мамырда Ұлыбританияда Лондон Корольдік колледжінде «King' s Forensics: Collaboration, Innovation and Impact» тақырыбында конференция-симпозиум өтті. Конференцияға әлемнің түрлі елдерінің ғалымдары, түрлі бағыттағы сарапшылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Конференция-симпозиум аралас оффлайн және онлайн форматтарда өтті.
Іс-шараға Қазақстан өкілдері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің оқытушылары Қаратаева Айгүл, Даубасова Сұлушаш, Аратұлы Қуаныш, Абдрахманов Данияр, Сураева Карина қатысты.
Конференция барысында құқықты, заңнаманы реттеу мәселелері, халықаралық сот сараптамасы мәселелері талқыланды.