Аккредиттеу – бұл тану

12.02.2022

Көрулер: 1587

 

2021 жылдың желтоқсан айының соңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті "Құқықтану" Білім беру бағдарламасы бойынша IAAR аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің халықаралық аккредиттеуінен өтті. Мерзімі-5 жыл. Бұл бакалавриат, магистратура және докторантура. Бір апта бойы халықаралық сарапшылар заң факультетіндегі сабақтарға қатысып, студенттермен, оқытушылармен, қызметкерлермен, магистранттармен, докторанттармен әңгімелесті.

 

Айта кетейік, халықаралық аккредиттеу білім беру бағдарламаларының халықаралық және Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау рәсімі болып табылады, оны ENQA жоғары білім беру сапасына кепілдік беретін еуропалық қауымдастықтың мүшелері болып табылатын және EQAR білім беру сапасына кепілдік беретін агенттіктердің еуропалық тізілімінде тіркелген аккредиттеу агенттіктері жүзеге асырады.

"Құқықтану" Білім беру бағдарламасы сапалы заңгерлерді дайындайтын жоғары оқу орны ретінде танылды.

 

Жоғары оқу орындары үшін мұндай тану не береді?

  • жоғары оқу орны беретін біліктіліктердің халықаралық танылуы, салыстырмалылығы және айырбасталуы, білім беру мен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына, олардың халықаралық талаптарға сәйкестігіне кепілдіктерді растау
  • ЖОО тартымдылығын және негізгі стейкхолдерлер тарапынан іске асырылатын білім беру бағдарламаларының нәтижелілігі мен тиімділігіне сенімді арттыру
  • өз қызметінің және іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының деңгейін сапалы бағалау, пайдаланылмаған мүмкіндіктер, әлеует және даму перспективалары туралы объективті ақпарат алу
  • әлемдік білім беру кеңістігіне кең интеграциялау және білім беру қызметтерінің сыртқы нарығына шығу
  • білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарығында имидждің өсуі және бәсекелестік позицияларды нығайту
  • институционалдық өзгерістерді жеке ЖОО-да ғана емес, елдің барлық жоғары білім беру жүйесі деңгейінде де қолдау

 

Білім алушылар үшін мұндай тану не береді?

  • бар кредиттерді есепке ала отырып, шетелдік әріптес жоғары оқу орындарына түрлі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу
  • магистратура және докторантура бағдарламаларына басқа шетелдік жоғары оқу орындарына түсу
  • ұлттық және халықаралық еңбек нарығында түлектің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мамандығы бойынша елде және шетелде жұмысқа орналастыру.

 

Заң факультетінің ұжымын осындай жоғары жетістікпен құттықтаймыз!

 

 

НУ"аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі"

Independent agency for accreditation and rating

http://old.iaar.kz/ru/65-0-novosti/news-all/1697-novyj-veb-sajt-naar-iaar