Жаңалықтар

"Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің негізі ретінде Н.Назарбаевтың құқықтық моделі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

19.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің негізі ретінде Н.Назарбаевтың құқықтық моделі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынның мақсаты - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы мәселелерін талқылау. Айтулы шара Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Ары қарай оқу >>

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысы

06.10.2021

01 қазанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссияның төртінші отырысы өтті, оның жетекшісі заң ғылымдарының докторы Забих Шолпан Арапбайқызы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті Заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы) болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Саяси қуғын - сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы

06.10.2021

2021 жылдың 7 қыркүйегінде «Рухани Жағыру» Жобалық кеңсесі мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған семинарда ақпарат алмасу мәселелері, сондай-ақ, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдар жинау тәжірибесі қарастырылды. 372 көтерілісті басу кезінде осы көтерілістерге қатысушылар сотсыз және тергеусіз атылды, сонымен қатар олар аталмыш көтерілістерге қатысқандары және қолдағандары үшін соттан тыс және сот органдарының қуғын-сүргініне ұшырады.

Ары қарай оқу >>

Кітаптың онлайн тұсаукесері

29.06.2020

1 шілде 2020 жылы сағат 11.00-де "Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі: Елбасы сабақтары" кітабының онлайн-тұсаукесері өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Конституциялық Кеңес пен Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры.

Кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған және Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде басылып шықты.

Презентацияға you-tube арнасы арқылы қатысуға болады: https:// youtu.be/-IMEfgSX6FI

Конституциялық Кеңестің сайтында тікелей трансляция қолжетімді болады.

Ары қарай оқу >>

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

15.04.2020

«Sanaly urpaq» Республикалық жобалық кеңсесі, Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қылмыстық жауапкершілікті күшейту ме, әлде құқықтық мәдениетті арттыру ма?» тақырыбы бойынша жоғарғы оқу орындарының білім алушылары арасында оn-line пікірталас өткізеді.

 

Пікірталасқа Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының командалары қатыса алады.

Пікірталасты өткізу форматы: Skype онлайн-платформасы

Өтетін уақыты: 18 сәуір 2020 жыл, 12.00

Ойын форматы: Британдық-парламенттік (БПФ)

Командаларда 2 спикерден болуы қажет

 

Пікірталасқа қатысу үшін ЖОО командалары қатысушылар туралы ақпаратты электронды форматта ұсынуы қажет (аты-жөні, курс, команда атауы, университет, Skype, WatsApp платформаларында кері байланыс үшін контактілер).

 

Оп-line пікірталасты ұйымдастыру мен қатысу мәселелері бойынша келесі контактілерге хабарласуға болады:

Skype: damir5500, akmaral77sman

 

Тел. (WatsApp) +77772586671 модератор - Аширов Дамир

                       +77026833709, +77016865566 - ұйымдастырушылар

Ары қарай оқу >>