Жаңалықтар

Профессор Н.Х. Калишеваның қонақ дәрісі

17.04.2023

2023 жылдың 17 сәуірінде ҚР ІІМ М. Букенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру курсында білім алып жүрген учаскелік полиция инспекторларына онлайн режимде Конституциялық және әкімшілік құқық саласындағы білікті маман, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Калишева Нажия Хусаиновнаның «Конституциялық реформа: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың қазіргі кезеңдегі трансформациясы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Ары қарай оқу >>

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ-2023» -Халықаралық студенттік ғылыми коференциясы

08.04.2023

2023 жылдың 6 сәуірі мен 8 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға заң факультетінің студенттері, жас ғалымдары мен оқытушылары белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласы заң консультанттары палатасы төрағасының заң факультетінің студенттерімен кездесуі

27.02.2023

2023 жылы 28 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Алматы қаласы заң кеңесшілерінің төрағасы Г. А. Бердібекова мен 1 курс студенттерінің «Қазақстан Республикасындағы Парламент сайлауы. Студенттерді сайлау мәселлері бойынша ақпараттанлыру» тақырыбында кездесу өтті.

Бұл кездесудің ұйымдастырушылары мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары Баймаханова Д.М. және Құсайынов Д.О.

Гүлнар Әуелбекқызы сайлау заңнамасындағы жаңалықтар туралы презентациямен студенттер алдында сөз сөйледі.

Ары қарай оқу >>

Профессор Д.Л. Байдельдиновқа Қазақстан Республикасы Ұлттық заң академиясының академигі атағы берілді

31.01.2023

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған демократиялық реформалар шеңберінде ғылыми әлеуетті дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және жаңа ғылыми технологияларды қоғам өміріне енгізу сияқты мақсаттарды алға қойған ғылыми ұйымдар белсенді дамып келеді.

Ары қарай оқу >>

Д. А. Қонаев атындағы Қордың марапаты

07.12.2022

Заң ғылымдарының докторы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының кеңесшісі Е. Е. Дүйсенов көрнекті мемлекет қайраткері Д. А. Қонаевтың 110 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық медальмен марапатталды.



Ары қарай оқу >>

Әкімшілік сот ісі: теория және тәжірибе

01.12.2022

2022 жылдың 1 желтоқсанда «Құқықтағы әділеттілік» ғылыми қоғамдастығының шеңберінде кафедра профессоры з.ғ.д. Н. Калишеваның жетекшілігімен, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот судьялары Алдабек Ержан Әбдіразақұлы мен Кузетаева Динара Зарыкбекқызының жетекшілігімен « әкімшілік талап-арыздар: теория және тәжірибе» тақырыбында дәріс өтті.

Ары қарай оқу >>

Әлем чемпионатының жүлдегерімен кездесу

08.11.2022

8 қараша, 2022 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Заң факультетінде мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Ибраева Алуа Саламатовнаның бастамасымен факультет деканы, з.ғ.д., профессор Байдельдинов Даулет Лаиковичтің және деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., профессор Ахатов Уалихан Акыпбековичтің, сондай-ақ факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен 2022 жылдың 14-16 қазаны аралығында Арменияның Ереван қаласында 24 мемлекеттен 500-ден аса балуандары қатысқан самбодан кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдерегі заң факультетінің 2-ші курс студенті (ҚТ-201 / куратор: з.ғ.к., доцент Турсынкулова Динара Ахановна) Әбдімажит Серікпен кездесу өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Лудомания» тақырыбындағы семинар-тренинг

01.11.2022

2022 жылдың 1-ші қарашасы күні сағат 11:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 1-ші курс студенттерінің қатысуымен психолог Тастанов Амангелді Мейрамбекұлы «Лудомания» (құмар ойынға тәуелділік) тақырыбы бойынша арнайы семинар-тренинг өткізді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінде факультет оқытушыларына "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталды

27.10.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінде факультет оқытушыларына "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталды. Марапатты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.К. Түймебаев атынан заң факультетінің деканы з. ғ. д., профессор Д. Л. Байдельдинов табыс етті.

Ары қарай оқу >>