ҮНДІ ЕЛІНДЕГІ СӘТТІ САПАР

06.02.2019

Көрулер: 2031

Сапар барысында, ҚазҰУ мен Индияның Ұлттық кадет Корпусының ынтымақтастық меморандумы шеңберінде әскери кафедра студенттері Айдар Аймаков, Танирберген Сатыбалдиев, Индира Жолмагамбетова және Айжан Кызылтаева Индия Республикасы Күніне арналған бағдарламаларға қатысты.

Қазақстанның студенттік делегациясы жоғарғы деңгейде қарсы алынып, Үндістан Президенті мен Премьер-Министр, Қорғаныс Министрі, ӘТФ Қолбасшысы және де басқа да жоғары шенді тұлғалармен болған кездесулерге қатысты. Үндістанның Ұлттық кадет Корпусы төрағасының шақыруында біздің студенттеріміз қазақтың ұлттық "Қара жорға" биін орындап көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Аталмыш сапар екі елдің достығын нығайтуына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер имиджін мемлекетіміздің халықаралық беделін көтеруінде өзіндік үлесін қосқаны ақиқат.

 

Әскери кафедра 

www.kaznu.kz