«Қазақстанда өзін-өзі реттеудің дамуының проблемалары мен перспективалары» атты республикалық дөңгелек үстел»

21.12.2018

Көрулер: 1942

Дөңгелек үстелде ұйымдардың дәрменсіздігі  саласында  мемлекеттік реттеу және өзін-өзі реттеу мәселелері, аудит саласында өзін-өзі реттеу ерекшеліктері, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қатысушылардың жауапкершілігін сақтандыру мәселелері талқыланды.

Экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының профессоры  Құнанбаева Д.А., «Қазақстан Республикасының Аудиторлар Палатасы» Кәсіби Аудиторлық Ұйымының Президенті Кошкинбаев  С.Х., " Жетісу" банкроттық іс бойынша  кәсіпқой басқарушылар одағының президенті , Ұлыбритания Корольдік арбитраж сотының мүшесі Қабыкенова М.М  және басқалары  баяндамаларын көрсетті.

 

Кезекті пікір алмасу қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар осы сынды дөңгелек үстелдерді әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің базасында жүйелі түрде өткізудің маңыздылығын атап өтті. Ғалымдармен және практиктермен бірлесіп жұмыс істеген кезде қазіргі проблемалар тек ұлттық экономиканы дамытуда ғана емес, сондай-ақ ұлттық ғылымды дамытуда және ЖОО студенттерінің арасында қазіргі заманғы мамандарды оқытуда талқыланады.

 

Құнанбаева Д.А.,

э.ғ.д., ,менеджмент және маркетинг 

 кафедрасының профессоры