«Университеттердің ынтымақтастығы арқылы оқу үрдісінің модернизациясы» атты дөңгелек үстел

13.12.2018

Көрулер: 2028

2018 жылдың 13 желтоқсанында әл-Фараби ат.ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Фергана университетінің (Өзбекстан) өкілдерімен «Экономика және қызмет» кафедрасының меңгерушісімен, э.ғ.к., доцент Олимова Н.Х. және э.ғ.д., доцент Хонкелдиева Г.Ш. «Университеттердің ынтымақтастығы арқылы оқу үрдісінің модернизациясы» атты ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі күніне арналған халықаралық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде ЭжБЖМ кафедра профессорлары баяндама жасады. Олардың арасында э.ғ.д., проф. Тулегенова М.С., э.ғ.д., проф. Аубакирова Ж.Я., э.ғ.к., доцент Султанова Б.Б., э.ғ.к., доцент Ережепова А.А., э.ғ.к., доцент Тажиева С.К. Модератор ретінде PhD Кондыбаева С.К. болды. Дөңгелек үстел жұмыс барысында екі университет студенттерінің және ПОҚ академиялық мобильділігі мен екі жақты диплом бағдарламалар мәселелері қарастырылды. Жиын қорытындысы ретінде университеттер арасында әріптестік келісім-шартқа қол қою шешімі қабылданды.