Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевтың көшбасшылық дәрісі

28.09.2023

Көрулер: 401

2023 жылдың 4 қазанында сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде белгілі қазақстандық саяси қайраткер, саяси ғылымдарының кандидаты және қазіргі уақыттағы ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевтың «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қытайдың сыртқы саяси бастамалары» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі өтеді. Бір жағынан, Қазақстан мен Қытай арасындағы көршілестік факторын, сондай-ақ Пекиннің халықаралық істердегі геосаяси рөлінің күшеюін ескерсек, бұл баяндама ерекше өзекті болып отыр. Сонымен қатар Нұрлан Ермекбаевтың мол саяси тәжірибесі алдағы дәріске қосымша қызығушылық қосады. Еске салайық, кезінде ол Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қорғаныс министрі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған және де Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігін басқарған.

Бұл іс-шараға орындар қатаң шектеулі. Дәріске тек QR code арқылы тіркелген алғашқы 40 адам ғана қатыса алады.

Өтетін орны: Алматы қ., Қарасай батыр к/сі, 95А, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің 226 конференц-залы.