«6D051300 – Әлемдік экономика» білім беру бағдарламасы

Халықаралық аккредитация: FIBAA 

     Бағдарлама: «6D051300 – Әлемдік экономика»

Оқу дәрежесі: PhD докторантура

Емтихандары: шет тілі (тест), мамандық бойынша түсу емтиханы (жазбаша)

Оқу түрі: күндізгі

Кәсіби белсенділік түрлері:

Кәсіби бейін бойынша докторлар келесідей кәсіби белсенділік түрлерін орындай алады:

-          талдамалық;

-          әкімшілік-басқарушылық;

-          сараптау – кеңестік.

Философия (PhD) бойынша докторлар келесідей кәсіби белсенділік түрлерін орындай алады:

-          педагогикалық;

-          ғылыми-педагогикалық;

-          талдамалық;

-          әкімшілік-басқарушылық;

-          сараптау – кеңестік.

Кәсіби пәндер:

-          Микроэкономика,

-          Макроэкономика,

-          Халықаралық макроэкономика,

-          Әлемдік экономика

Білім берудің артықшылықтары:

Кәсіби ағылшын тілін меңгерген, халықаралық экономикалық қатынастар және әлемдік экономика саласында терең білімді болған жоғары білікті экономиист; ақпаратты жинақтай және жоспарлай, талдай алатын, күрделі ғылыми мәселелерді шеше алатын және жаңа идеяларды түрлендіре білетін, өз бетімен ойлай алатын және жасампаз қабілетті маманды; жетекші халықаралық экономикалық ынтымақтастық, мемлекеттік және мемлекетаралық органдар мен мекемелердегі, барлық экономика бөлімдерінің ұйымдары мен кәсіпорындарындағы қызметтерін орындайтын халықаралық саясат білгірі-экономист; ЖОО-да оқыта алатын, әлемдік экономика дамуының күрделі жағдайларында өз бетімен ғылыми зерттеулерді жүргізе алатын маманды дайындау.

Халықаралық байланыстар:

-          Ломоносов атындағы ММУ;

-          Кадис Университеті (Испания);

-          Канзас штаты Университеті, Лоуренс (АҚШ);

-          Бонн университетінің Еуропалық интеграцияны Зерттеу Орталығы (ZEI);

-          Ресей халықтар Достығы Университеті (РУДН);

-          Синьцзян Университеті

Тәжірибе өткізу және болуы мүмкін жұмысқа орналасу орындары:

Докторлық бағдарлама ең алдымен, халықаралық экономикалық қатынастар және әлемдік экономика аясындағы жұмысқа талап етілген білімді және құзыретті болған халықаралық саясат білгірі-мамандарды дайындауға бағытталған. Сонымен қатар, ТҰК және ТҰБ, халықаралық экономикалық қатынастармен айналысатын ұйымдар, сыртқыэкономикалық қызметтермен айналысатын ұйымдар, отандық және шетелдік компаниялар, ғылыми-зерттеу орталықтары, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарындағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағдарланған.