Ханкукпен бірлескен қысқы мектеп

30.01.2019

Көрулер: 1704

Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен «Аймақтану. Орталық Азияның саясаты, экономикасы мен мәдениеті» атты кәріс тілін үйренушілерге арналған қысқы мектеп өтті.

Корея Республикасының Ханкук шет тілдер университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кәрістану бөлімінің сенімді серіктесі. Соңғы жылдары ҚазҰУ-дағы қысқы мектеп дәстүрі өз форматын өзгертті. Студенттер дәстүрлі түрде Қазақстан жерінде далалық зерттеулерді қарастыратын «Аймақтану. Орталық Азияның саясаты, экономикасы мен мәдениеті» курсын оқып зерделейді.

2019 жылы студенттер Ханкук шет тілдер университетінің Орталық Азияны зерттеу бойынша институтының жобасы бойынша бірлесіп жұмыс істейді. Зерттеу жұмыстары институт директоры профессор Сон Енг Хун және Ким Санг Чхолдің жетекшілігімен жүргізіледі. Осылайша дәстүрге айналған қос университет студенттерін кездестірген қысқы мектеп биыл да жалғасын тапты. Қазақстан жастарының корей тілін үйренуге деген қызығушылығы бұл кездесудің негізгі мақсаты болды. Қазақстандық студенттер асқан қызығушылықпен зерттеуге қатысып, Ханкук университетіндегі және жалпы Кореядағы студенттік өмірге араласты. Кездесу барысында студенттер Орталық Азиядағы кәріс тілінің оқытылуын зерделеп, осы салада болашаққа бағыттаған жоспарларымен бөлісті. Жиын соңында корей тілінің оқытушылары жиналғандарға тіл үйренудің әртүрлі методикасымен таныстырып, ондағы негізгі мәселелерге баса мән берді.