Табысты тұлғаның психологиясында уақытты басқару

30.04.2018

Көрулер: 4222

Шеберлік сыныбының кіріспе бөлімінде жетістікке жету жолдары мен олардың қыр-сырлары турасында талқыланды. Қатысушылардың көмегімен қазіргі заманғы “Табысты тұлғаның” психологиялық портреті құралды. Сонымен қатар әрқайсысы өзінің бірегейлігін және де “Табысты тұлғаның” идеалына сәйкестік пайызды анықтады. Өзінің даму жолын және жеке басының өсуін белгіледі. Сондай-ақ Психогеометриялық тесттің көмегімен жеке тұлғаның психодиагностикалық ерекшелігі және Дембо-Рубинштейнің жеке тұлғалық өзін-өзі бағалау зерттеуінің методикасы жүргізілді.

Негізгі бөлімде мұғалімдерге табысты жеке тұлғаның маңызды қасиеттері болып табылатын көшбасшылық тұрғыдағы сұрақтар берілді, жеке табысқа жету және өз уақытын тиімді басқару үшін тайм-менеджменттің техникаларымен негізгі әдістері , қағидалары толығырақ түсіндірілді. Одан әрі әрбір магистрант Эйзенхауэр матрицалары арқылы өздерінің жұмыстарын жоспарлауға жаттықтыру, сондай-ақ SMART әдісінің көмегімен мақсат қоя білуді үйренді.

Қорытынды бөлімде Гарвардтық зерттеулер нәтижелерінде қағаз нұсқасында мақсаттар мен тілектер жазу бойынша көрсетілген, сондай-ақ мұғалімдер магистранттарға арман, мақсат және тілектерді анықтайтын түрлі жолдарымен таныстырды. Жалпы, шеберлік-сағат өте көңілді ,әрі инерактивді режимде өтті.

Ұйымдастырушы-модератор: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор м.а. Кабакова М.П.