ТӨЛЕУХАНОВА БОТАГӨЗ ПОЛЬШАДАН ОРАЛДЫ

29.02.2024

Көрулер: 177

Әл-Фараби атындағы Механика-математика факультетінің «Математика» мамандығы бойынша білім алып жүрген 2-курс студенті Төлеуханова Ботагөз Еркінбекқызы академиялық ұтқырлық бойынша Польша мемлекетінің Познань қаласында орналасқан Адам Мицкевич атындағы университетінде оқып келді. Жас талапкер студенттің айтуы бойынша бұл тәжірибе көптеген жақсы естеліктер мен жаңа білім алып келді. Сонымен қатар білім сапасы мен аға-ұстаздардың қазақ студенттеріне деген қарым қатынасы көңіл қуантарлықтай болды. Аталмыш университтетің құрылысы қазіргі заманауи стильде құрылған, ең бастысы студенттерге білім алуына да және демалып, қызықты уақыт өткізуге де ыңғайлы жасалған. Студент «Математика» мамандығының ғылыми бағытында білім алғандықтан Адам Мицкевич атындағы университетте “ Математика және компьютер ғылымдары” факультетінде дискретті математика, алгебра, логика, комбинаторлық ойындар, мобильды система қауіпсіздігі сынды пәндері өтілді.