«Тәуелсіздік дәуірі»

10.01.2018

Көрулер: 7448

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылауға арналған «Адами капиталдың жаңа сапасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен өткен шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, көрнекті ғалымдар, ғылыми қауымдастық және БАҚ өкілдері, ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде сөз алған ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы Қазақстан Республикасының үш модернизациясының контекстінде қазақстандық дамудың үлгісі мен әлемдік көзқарастың мәнін көрсететін бағалы тарихи құжат екенін атап өтті.

«Бүгінгі шара Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған байланысты біз стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің жаһандық көзқарасын көрсететін өзара бірін-бірі толықтыратын және елдің одан әрі дамуының векторын анықтайтын екі маңызды құжаттың негізгі ұстанымдарын талқылауға мүмкіндік алдық. Елбасының басшылығымен көптеген ішкі және сыртқы мәселелерге жауап бере отырып, біз өзіміздің даму жолымызды айқындадық. Осы Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктер мен қарқынды үдерістердің барлық кезеңдері «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында толық сипатталған. Онда қазақстандық даму үлгісінің эволюциясы, негізгі қағидаттары мен механизмдері айқын көрсетілген. Қазақстанның үш тұғырлы жаңғыруын талқылау үлкен маңызға ие. Бірінші және екінші жаңғыртудың арқасында еліміз біртіндеп тоталитарлық жүйеден өтіп, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшті және әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ел тізіміне енді. Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы саяси дамудың үлгісі туралы «Қазақстанның феномені» деп атайтыны кездейсоқ емес. Бұл посткеңестік кеңістіктегі ең табысты мемлекеттіліктің айқын үлгісі болды. Жинақталған тәжірибе Қазақстанға жаһандық шындықта әлемнің ең дамыған отыз еліне оны жан-жақты жаңартуға және алға жылжытуға бағытталған үшінші модернизацияны енгізу құқығын берді.  

Президент Қазақстанда бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыруда ерекше мән беретінін атап өткен жөн. Бұл адами капиталды құраушы барлық компоненттер: интеллектуалды, әлеуметтік, биофизикалық, мәдени-құндылықтар және саланы дамытудың соңғы үрдістеріне сәйкес киберфизикалық - ұлттың табысының басты факторы болып табылады. Осыған байланысты, университеттер адам капиталын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығын айту қажет».

«Бүгін біз университет 4.0 жаңа тренді заманауи университеттер дамуының келешек үлгісі жайлы сөз етеміз. Осыған байланысты біз «Университет 4.0» жаңа ұрпақ университетінің үлгісін - біздің университеттің атын иеленген ұлы ойшыл әл-Фарабидің идеясы негізінде жасадық. Аталған үлгі «Al-Farabi University smart city» жобасы аясында жүзеге асырылады. Ол адами капиталдың жаңа сапасын қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік платформаларды біріктіруге негізделген» - деді ҚазҰУ ректоры.

Шараға қатысқан спикерлер Президент Н. Назарбаевтың жаңа кітабы - ел тәуелсіздігінің 26-жылдық даму жолындағы авторлық көзқарасы болып табылады. Оқырмандар тарапынан жоғары бағаға иеленіп үлгерген кітап тарихи жанрда жазылған дейді.

«1996 жылдан бастап Президенттің жыл сайынғы халыққы Жолдауы тұтастай қоғамды ынталандыруды қалыптастыру мен жоспарларды түзетудегі негізгі даму факторы болып табылады. Мемлекет басшысының жаңа еңбегінде ұсынылған мемлекет дамуының тиянақты талдауы мен бағалауы - бұл тек қорытындылардың қысқаша сипаттамасы ғана емес, еліміз еңсерген жылдарды егжей-тегжейлі талдап, бастысы болашақ көрінісі анық байқалады», - деді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Зарема Шаукенова.

Дөңгелек үстел барысында ҚР БҒМ Ғылыми комитетінен Ахан Бижанов, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан, Жүргенов атындағы Қазақ ұлтық өнер академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова, философия, саясаттану және дінтану институттарының директорлары, саясаттану кафедрасының докторанты Әйкерім Камалдинова және басқа да ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ шараға қатысушылар қазіргі заманғы тәуелсіз Қазақстанның сан алуан сара жолынан өткен тарихын білетін өскелең ұрпаққа арналған кітаптың маңызды рөлін ерекше атап айтты.

Баспасөз қызметі