Кәсіби даму және мансап кеңсесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Кәсіби даму және мансап кеңсесі штаттық құрылымдық бөлімше ретінде 2011 жылдың мамыр айында құрылды.

Орталықтың мақсаты - кадрлық әлеуеті әлемдік стандарттарға жауап беретін Қазақстан Республикасының даму стратегиясына және заманауи интеллектуалдық талаптарға сәйкес келетін бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру болып табылады.

Орталықтың міндетіне жұмыс берушілерді университеттің бітірушілері мен студенттеріне мастер-класстар, тренингтер және презентациялар өткізуге; жұмысқа орналастыру жүйесін бірігіп жасауға және ҚазҰУ бітірушілерін еңбек нарығына бейімдеуге тарту, сондай-ақ жұмыс берушілермен біріге отырып білім беру бағдарламаларын жасау арқылы мамандарға жүйелі түрде заманауи сұраныстың қалыптасуы жатады. Орталықтың қызметі ҚазҰУ-дың кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы байланыстарын нығайтуға және оны дамыту бойынша оңтайландыру жұмыстары үшін үздіксіз оқыту тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Орталық бітіруші түлектер мен ректорат әкімшілігінің, бейіндік кафедралар мен кәсіпорындардың арасын байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді. Бәсекеге қабілетті маман- ҚазҰУ түлегі- теориялық білімдерді өз саласында ғана игеріп қоймай, сондай-ақ табысты мансап үшін қосымша біліктіліктерді де меңгеруі тиіс. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік нарыққа бағдар жасайтын және кадр даярлау деңгейіне сәйкесінше талаптар қоятын ірі компаниялармен тығыз байланыс орнатқан. Университеттің осы саладағы мақсатты түрде жасалған іс-шараларының арқасында ҚазҰУ бітіруші түлектерінің жұмысқа орналасуы 90 %-дан асады.

Осы орталықтың қызметі студенттердің тәжірибеден өту базасын кеңейтіп, әрі қарай олардың жұмысқа орналастыруына көмектеседі. Сонымен қатар Орталықта семинар- тренингтер, жұмыс берушілер үшін «ашық есік күні» өткізіліп, атақты адамдар және ҚазҰУ түлектерінен құралған көшбасшылық дәрістер жүргізіледі. Сондай-ақ орталық жұмыс беруші –серіктестермен біріге отырып, жыл сайын тәжірибе базасының презентацияларын және студенттердің тағылымдамаларын, воркшоптар мен вебинарлар өткізеді. Соңғы 3 жылда негізінен қазақстандық еңбек нарығының дамуына бағытталған және оның қазіргі жағдайы бойынша әртүрлі тақырыптағы маркетингтік семинарлар мен тренингтер өткізіп келеді.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Мансап және бизнес орталығы Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру негізінде білімгерлердің үздіксіз тәжірибелік даярлығының жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Университеттің жұмыс берушілермен өзара әрекеттіестігін нығайту мақсатында 2010 жылдың наурыз айынан бастап ҚазҰУ-да ірі компаниялар мен кәсіпорындардан құралған Жұмыс берушілер Кеңесі жұмыс атқарады. Жұмыс берушілер Кеңесі қызметінің арқасында жұмыс беруші –компаниялар барлық мамандықтар бойынша пәндік оқу бағдарламаларын және жұмыс -оқу жоспарларын талдауға және жасауға тартылды.

Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына компаниялар мен жұмыс берушілердің қатысуы үшін жыл сайын Бос орындар/тағылымдамалар Жәрмеңкесі өткізіледі. Жыл сайын жәрмеңкеге жас мамандарды уақытша және тұрақты жұмысқа алатын 100-ден аса қазақстандық және халықаралық компаниялар мен кәсіпорындар белсенді қатысады. Бос орындар/тағылымдамалар Жәрмеңкесіне жыл сайын ҚазҰУ-дың бітіруші және жоғарғы курстарынан 5-6 мыңдай студенттер қатысады. Осы студенттердің жартысынан көбі компанияларда сұхбаттасудан өтуге ұсыныс алады. Бос орындар жәрмеңкесі аясында түлектерге мемлекеттің дағдарысқа қарсы даярлаған ЖОО-ның бітірушілерін әлеуметтік-құқықтық қорғаумен жұмысқа орналастыру туралы қажетті ақпарат беретін мастер-класстар мен семинарлар өткізіледі. 2014 жылдан бастап Бос орындар Жәрмеңкесі шетелдік инвесторлар мен өзге де жұмыс берушілер тартылған халықаралық жаңа форматта өткізіліп келеді.

 Тәжірибе базасының тізімі.docx

 

 

Байланыс:

"Керемет" СҚКО, В Секторы, 107 каб.

Тел.:+7 (727) 377-33-73, ішкі: 11-27, 12-76

e-mail:rabota@kaznu.kz

Кәсіби даму және мансап кеңсесі

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ