ҚазҰУ технопаркінде 3D-принтинг пен адиттивті технологиялар бойынша шеберлік сағаты өтті

13.12.2016

Көрулер: 4160

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркінде 3D-принтинг пен адиттивті технологиялар бойынша шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын "Компьютерлік үлгілеу және биоинформатика республикалық орталығы» ЖШС және Қазақстанда 3D-принтерлерді алғаш өндіруші 3D Lab компаниясы ұйымдастырды. Компания кепілдік пен сервистік қызметті қамтамасыз ететін 3D-принтерлерді ойластырып, өндірумен айналысады. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Технопаркінің көмегімен "Компьютерлік үлгілеу және биоинформатика республикалық орталығы» мен 3D Lab компаниясы 40 сағатқа созылған 3D-басып шығару курсын оқытуға қабылдап жатыр.

Курс аясында мынандай пәндер көрсетілген:

3D-басып шығарудың заманауи технологиялары;

Технологиялар мен материалдар;

3D принтерлердің тізбегі және олардың келешегі;

Түрлі материалдарды пайдаланып басып шығару, нақты өндіріс тапсырмасымен іріктеу;

Бағдарламалық қамтамасыздандыру;

3D-үлгілер мен басып шығаруды дайындау мен үлгілеуді бағдарламалық қамтамасыздандыруды жан-жақты оқыту;

Слайсер- Бағдарламалық қамтамасыздандыру;

Үлгілеу негіздері. 3D объектті жай және күрделі үлгілеу;

Сәулеттік үлгілеу технологиялары;

Тәжірибе. 3D принтерлермен жұмыс. Қызмет ету және жөндеу.