БҰҰ бас хатшысы ҚазҰУ-дың тұрақты даму саласындағы жұмысына жоғары баға берді

27.05.2015

БҰҰ бас хатшысы ҚазҰУ-дың тұрақты даму саласындағы жұмысына жоғары баға берді.

Сеулде (Оңт.Корея) БҰҰ-ның академиялық ықпал бойынша екінші форумы өтті, онда өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, стратегиялық даму бойынша 2015 жылдан кейінгі күн тәртібіндегі мәселелер белгіленді. Бұл шараның маңыздылығы – БҰҰ Бас ассамблеясы бекітетін мыңжылдық тұрақты дамудың жаһандық стратегиясын қабылдауына дайындық жылы өтіп отырғандығында.

Шараға БҰҰ бас хатшысыПан Ги Мун, ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова, бас хатшының арнайыхатшысыДжеффри Сакс, БҰҰ құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, үкімет өкілдері, Нобель лауреаттары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар басшылары, әлемнің жетекші ЖОО-ларының ректорлары қатысты.

Форумға қатысушылар Қазақстанның, адамзаттың әлемдік проблемаларын шешуге арналған энергоэкологиялық қауіпсіздік аясында «Green bridge», «G-Global» және тағы басқа -жаһандық стратегиялық бастамаларын оң қабылдады, "академиялық қауымдастық, адамзаттың қиын мәселелерінің шешімін табуға және тұрақты дамуы мен бейбітшілікті сақтауға көмектеседі."

Форум қатысушылары адамзаттың әлемдік мәселелерін шешу бойынша Қазақстанның ұсынған бастамаларына оң пікір білдірді, атап өтсек, жаһандық энергоэкологиялық қауіпсіздік стратегиясы, «Green bridge», «G-Global» және т.б. Форумда БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің директоры және «Академиялық ықпал» бағдарламасының жетекшісі Раму Дамодаран: «Академиялық қауымдастық адамзаттың ең күрделі мәселелерін шешуге сүбелі үлес қоса отырып, тұрақты дамуға және бейбітшілікті сақтауға ықпал етеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабы ретінде экологияны және қоршаған ортаны қорғауға белсене атсалысады, тұрақты даму идеяларын алға жылжыту жұмыстарын жүргізеді, энергияның альтернативті және жаңартылатын көздері бойынша зерттеу жүргізеді және жобалар дайындайды, – деп атап өтті.

Форумда әлемнің түкпір-түкпірінен келген делегаттар мыңжылдықтың даму мақсаттарын жүзеге асырудың жетістіктеріне сүйенетін және жер жүзінің жаһандық мәселелерін шешуге бағытталған 2015 жылдан кейінгі адамзат дамуының күн тәртібіндегі басты сұрақтарды талқылады. Сондай-ақ олар академиялық ықпал саласындағы ортақ тапсырмаларды шешуге және университеттер арасындағы жаһандық академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған 2015 жылдың «жол картасын» жасады.

http://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/8556/