Кафедра тарихы

Баспасөз және Интернет журналистика кафедрасы университеттегі тарихы терең кафедралардың бірі. Оның алғашқы аты-большевиктік баспасөздің теориясы мен практикасы. 1941 жылы осы атпен ашылған ол 1949 жылдың аяғына дейін факультеттегі жалғыз кафедра болды.

1957 жылы екі кафедра өмірге келді-сабақтарды орыс тілінде жүргізуге арналған-журналистика кафедрасы және қазақ бөлімінің студенттеріне арналған-журналистика тарихы кафедрасы. Екі кафедра да филология факультетінің құрамында қызмет жасады. 1966 ж . журналистика факультеті университеттің жеке бөлімшесі болды да бұл кафедралар соның құрамына кірді.

1966 жылыбаспасөз кафедрасының негізін салушы және алғашқы басшысыжурналистік білімнің негізін қалаушы және қазақ журналистикасы тарихының зерттеушісі филология ғылымдарының докторыҚайыржан Нұрғожаұлы Бекхожинтағайындалды.

1976 жылы қызмет еткен екі кафедра – қазақ және орыс журналистикасы кафедраларының негізінде 4 кафедра ашылды: журналистика тарихы, телевизия және радиожурналистика, журналистік шеберлік және әдеби редакциялау және совет журналистикасының теориясы мен практикасы кафедралары.

Совет журналистикасының теориясы мен практикасы кафедрасы негізінен баспасөзге мамандар даярлайтын факультеттің жетекші кафедрасына айналды. Оның 1976 жылдан бастап 1986 жылға дейінгі аралықтағыалғашқы меңгерушісісатиралық журналистиканың белгілі зерттеушісі, профессор Темірбек Қожакеұлы Қожекеев болды. Бір мезгілде профессор Т.Қ.Қожекеев факультет деканы болды.

1986 ж. мамыр айында профессор Т.Қ.Қожакеев факультет деканы және кафедра меңгерушісі қызметтерінен босатылды.

Кафедраныңекінші меңгерушісі1986-1991 ж.ж. кафедраны басқарған филология ғылымдарының кандидаты, доцент Петр Терентьевич Сопкин болды.

Желтоқсан оқиғаларына қайта баға берілгеннен кейін 1991 жылы профессор Т.Қ.Қожакеев журналистика факультетіне қайта шақырылды және мерзімді баспасөз деп аты өзгертілген кафедраны 1995 жылға дейін бес жылға таяу уақыт басқарды.

1995 жылдан бастапкафедраны филогия ғылымдарының кандидаты, қазіргі публицистиканы зерттеуші, белгілі ақын және публицист Бауыржан Өміржанұлы Жақып басқарды.

2001 жылыБ.Ө.Жақып факультет деканы болып тағайындалды. Ал мерзімді баспасөз кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төрегелді Бекниязұлы Бекниязов болып, 2008 жылдың аяғына дейін кафедраны басқарды.

2009 жылдан бастапкафедраны Қазақстанның іскерлік журналистикасын зерттеуші, ақпараттық процестер туралы жүзден аса ғылыми мақалаларының авторы, ҚР БМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Шарван Ысқаққызы Нұрғожина басқары келеді. 2010 жылы кафедра баспасөз және Интернет –журналистика кафедрасы болып өзгертілді.

Қазіргі уақытта кафедрада 1 профессор, филогия ғылымдарының докторы, 1 доцент, филогия ғылымдарының докторы, 5 филогия ғылымдарының кандидаттары, доценттер қызмет істейді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы теориялық және практикалық жағынан дайындалған, шетелдік үйрену және білім жетілдіру курстарын бітіру туралы сертификаттарға ие.

Кафедра баспасөз және Интернет- бұқаралық ақпарат құралдарын кадрлар даярлауды іске асырады. Сондай-ақ ақпарат агенттіктеріне, Қазақстан Республикасының коммерциялық қызметі мен одан тыс жерлердегі «Журналистика» мамандығы бойынша мамандар даярлайды.

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

Кафедраның миссиясы – Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған заманауи жоғары білімді толыққанды игерген, елімізді үздіксіз дамытуға бағытталған проблемаларды шешуге ұмтылған жоғары білікті мамандар иесін даярлау.

Мамандықтар:

Бакалавриат

5В050400 – журналистика

Оқыту мерзімі: 4 жыл

Магистратура (ғылыми және педагогикалық бағыт)

6M050400 – журналистика

Оқыту мерзімі: 2 жыл

PhD докторантура (ғылыми және педагогикалық бағыт)

6D050400 – журналистика

Оқыту мерзімі: 3 жыл.

Оқу-лабораториялық базасы:

Кафедраның санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес, оқу жоспарында қарастырылған нормативтік көрсеткіштер мен теориялық және тәжірибелік тұрғыда даярлаудың барлық түрлерін қамтамасыз ететін, сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу және экспериментальды-зерттеу жұмыстарын тиімді орындауға арналған материалдық-техникалық базасы (аудиториялық қор, компьютерлік сыныптар, лабораториялар, телестудия, радиостудия, қор материалдары) бар.

Студент оқыту үдерісін келесі салалар бойынша меңгереді:

  • · Тележурналистика;
  • · Радиожурналистика;
  • · Интернет-журналистика;
  • · Баспасөз журналистика;
  • · Іскерлік журналистика;
  • · Фотожурналистика;
  • · Публицистика.

Кафедраны бітірушілердің кәсіби қызметінің салалары мен объектілері:

Бакалаврдың кәсіби қызметінің салалары: бұқаралық ақпарат құралдары (газеттер, журналдар, телевизия, радиохабар тарату, ақпарат агенттіктері, интернет-БАҚ) және ақпараттық-коммуникативтік аралас салалар (баспалар, баспасөз қызметтері, жарнамалық және PR-агенттіктері (қоғаммен байланыс).

Магистрдің кәсіби қызметінің салалары: ғылыми-зерттеу мекемелері; білім беру мекемелері; өндіріс орындары; білім беру, мәдениет және басқару саласының мекемелері.

Кафедра шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастық байланыстар жасайды:

– Колумбия университетінің Харриман Институты (АҚШ);

– Оклахома Штатының Университеті (АҚШ);

– Георге Масон Университеті (АҚШ);

– Михиган Университеті (АҚШ);

– Лондон Университеті (Ұлыбритания);

– Швецияның FOJO журналистердің біліктілігін жетілдіру институты (Швеция);

– Николай Коперник атындағы Университет (Польша);

– Адам Микеевич атындағы Университет (Польша)

– Гонконг Баптист Университеті (Гонконг);

– Стамбул Университеті (Туркия);

– М.В. Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу, Ресей);

– Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Санкт-Петербург, Ресей);

– Новосибирск мемлекеттік университеті (Новосибирск, Ресей);

– М.Ұлықбек атындағы ТашМУ (Ташкент, ­Өзбекстан);

«Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасы студенттері өндірістік-тәжірибе өтетін компаниялар мен ұйымдар:

Газеттер мен журналдар: Егемен Қазақстан; Казахстанская правда; Новое поколение; Айқын; Алаш Айнасы; Дружные ребята; Капитал; Деловой Казахстан; Деловая неделя; Ақиқат; Жұлдыз; Kazakhstan-Zaman; Central Asia Monitor; Ана тілі; Түркістан; Дала мен қала; Қазақ әдебиеті; Алматы ақшамы; Вечерний Алматы; Астана ақшамы; Қазақ энциклопедиясы; Литер; Жас қазақ; Мысль.

Телевизия: Хабар; Қазақстан; КТК, Астана, Алматы; 7 канал; 31 канал; Ел арна.

Радио: Қазақ радиосы; NS; Авторадио.

Ақпараттық агенттіктер мен ресурстар: Казинформ; Интерфакс-Қазақстан; Kazakhstan Today; Zakon.kz; Tengrinews.kz; Bnews.kz; today.kz; yvision.kz.

Олимпиадалар, байқаулар, конференциялар:

– Журналистерге арналған республикалық пәндік олимпиада;

–«Бизнес, экономика, журналистика және коммуникациялық технологияларды зерттеу» атты жас ғалымдарға арналған республикалық ғылыми семинар;

–Бейбіт Құсанбек атындағы жас тележурналистерге арналған байқау;

–«Болашақ тележурналист» байқауы;

–«Жас репортер» байқауы;

–«Журналист болғың келе ме?» байқауы;

– «Ең үздік тележоба» байқауы;

­– «Ең үздік бейнеролик» байқауы;

–«Барманқұлов оқулары» атты студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференция;

–«Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференция;

– «Ломоносов оқулары» атты студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференция;

–«Бекхожин оқулары» атты студенттер мен жас ғалымдарға арналған республикалық ғылыми конференция;

–«Қожакеев оқулары» атты студенттер мен жас ғалымдарға арналған республикалық ғылыми конференция;

–Журналистика мен коммуникациялар бойынша халықаралық қысқы және жазғы мектептер;

Кешенді тестілеуге арналған өтініштер қабылдау комиссиясына 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Шығармашылық мамандықтар (журналистика) бойынша қабылдау комиссиясына өтініштер 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады. Оқуға түсушілер 2-7 шілде аралығында екі шығармашылық емтихан тапсырады.