Заманауи биофизика және биомедицинаның өзекті мәселелері

2016 ж. 15-16 сәуірде  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және 
биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасы Қазақстан Республикасының
еңбегі сіңген өнертапқышы, биология ғылымдарының докторы профессор В.М. Инюшиннің
 75 жылдығына арналған «Заманауи биофизика және биомедицинаның өзекті мәселелері»
тақырыбында  халықаралық конференциясын өткізеді.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті , 
биология және биотехнология факультеті , 2 акт залы.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша пленарлық және секциялық отырыстар қамтиды:
1 секция. Биофизика және биомедицина  өзекті мәселелері.
2 секция.  Хронобиология және хрономедицина қазіргі мәселелері .
3 секция.  Экология және эксперименттік биология мәселелері .

Ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Басылым күні :  19.03.2016