Ұзын тізбекті α-олефиндерді синтездеп алу үшін ауыр көмірсутектерді крекингілеудің жаңа катализаторын жетілдіру

2021 жылдың 21 сәуірінде физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында 3 курс докторанты Л.У.Кребаеваның «Ұзын тізбекті α-олефиндерді синтездеп алу үшін  ауыр көмірсутектерді крекингілеудің жаңа катализаторын жетілдіру» тақырыбында онлайн форматта ғылыми семинары өтті. Семинарда докторант Кребаева Л.У. ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша баяндама жасады. Докторант Л. Кребаева зерттеу нәтижелерінің талдауларын ғылыми тағылымдама ЖМ «Полимерлі материалдар мен технологиясы институты»  базасында жасағанын атап көрсетті. Семинар соңында профессор-оқытушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, докторант жұмысына толықтырулардың әлі де енгізілу қажеттігі ескеріліп айтылды. Докторант тарапынан айтылған ұсыныстар қабылданып, кафедра профессорлары жұмысына сәттіліктер тіледі

Басылым күні :  26.04.2021